Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 860 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 желтоқсанда № 35499 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында:

      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі - Үлгілік жоспар) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      30-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3250 "Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша міндеттемелер", онда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге және төлеуге байланысты операциялар көрсетіледі.".

      2) "Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26686 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілігін депозитарийге тапсыру қағидаларында:

      10-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 860 бұйрығына
қосымша
  Жария мүдделі ұйымдардың
депозитарийге қаржылық
есептілікті ұсыну қағидаларға
Қосымша

Ұйымын сәйкестендіру көрсеткіштері

р/с №

Көрсеткіш

Түсіндірме

1.

БСН

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

2.

Мемлекеттік тіркеу күні

Мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) күні

3.

Атауы

Толық атауы (құрылтай құжаттарына сәйкес)

4.

Орналасқан жері

Заңды және нақты мекенжайы (пошта индексі, облыс, аудан, елді мекен, көше атауы, үй, пәтер, телефон, факса нөмірі, веб-сайт, e-mail)

5.

Бірінші басшы (жоғары лауазымды тұлға)

Бірінші басшының (ұйымның жоғары лауазымды тұлғасының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

6.

Бас
бухгалтер

Бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және ЖСН, сондай-ақ кәсіби бухгалтер сертификаты туралы мәліметтер (кім берген, берілген күні, сертификат нөмірі), ол мүшесі болып табылатын кәсіби бухгалтерлер ұйымының атауы (мүшелік билеттің немесе кәсіби бухгалтерлер ұйымындағы мүшелікті растайтын құжаттың нөмірі мен күні)


О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 20 декабря 2024 года № 860. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 декабря 2024 года № 35499

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2025

      1. Внести в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан следующие изменения и дополнение:

      1) в приказе Министра финансов Республики Казахстан от 23 мая 2007 года № 185 "Об утверждении Типового плана счетов бухгалтерского учета" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4771):

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В целях реализации подпункта 2) пункта 5 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" и подпункта 643-3) пункта 15 Положения о Министерстве финансов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 ПРИКАЗЫВАЮ:"

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Департамент методологии бухгалтерского учета, аудита и оценки обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в установленном законодательством порядке.";

      в Типовом плане счетов бухгалтерского учета, утвержденном указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий Типовой план счетов бухгалтерского учета (далее – Типовой план) разработан в соответствии подпунктом 2) пункта 5 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" и подпунктом 643-3) пункта 15 Положения о Министерстве финансов Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года №387.";

      абзац шестой части второй пункта 30 дополнить следующей редакцией:

      "3250 "Обязательства по обязательным пенсионным взносам работодателя", где отражаются операции, связанные с начислением и уплатой обязательных пенсионных взносов работодателя.".

      2) в приказе Министра финансов Республики Казахстан от 28 января 2022 года № 94 "Об утверждении Правил сдачи финансовой отчетности организациями публичного интереса в депозитарий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26686):

      в Правилах сдачи финансовой отчетности организациями публичного интереса в депозитарий, утвержденных указанным приказом:

      пункт 10 исключить;

      в приложение к указанным Правилам вносятся изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета, аудита и оценки Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан