ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 05.04.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
Б. Омарбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі
Р/с № | Мемлекеттік орган | Орталық мемлекеттік органның ведомстволары, құрылымдық бөлімшелері және олардың аумақтық бөлімшелері | Хабарламалардың түрлері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі | Эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама |
2 | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық немесе аудандық аумақтық инспекциялары | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық инспекциялары | Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама | ||
3 | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелері | Нотариат қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
4 | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық бөлімшелері | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
5 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері | Медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||
Медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері | Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||
Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама | |||
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
6 | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі | Бағалы металдарды, асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті | Энергия аудиті және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||
7 | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті | Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті | Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||
8 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары | Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама |
Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама | |||
Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті | Әкімші (уақытша әкімші, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||
Қаржы басқарушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
9 | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті | Туристік агенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод, туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
10 | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті | Шетелдік және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік үлгінің сәйкестігін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама |
11 | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті | Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарлауы |
Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызметтер көрсетуді бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама | |||
12 | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті | Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Картография жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдары | Радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||
Жоғары жиілікті құрылғыны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
13 | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары | Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Көлік құралын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
14 | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі | Теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Метеорологиялық мониторинг жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті | Зоологиялық коллекцияны жасау туралы хабарлама | ||
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және оның аумақтық бөлімшелері | Өсімдіктерді интродукциялау және (немесе) жерсіндіру туралы хабарлама | ||
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасы бойынша міндеттемелерге сәйкес өсімдіктердің генетикалық ресурстарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы хабарлама | |||
15 | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті | Энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | Мұнай өнімдерінің көтерме жеткізілімдеріне байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарлама | ||
Электр энергетикасы объектілерін, жылу энергиясы көздерін, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілерін және (немесе) олардың жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
16 | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары | Уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
17 | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі | Қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық өнімдерін бекітуі туралы хабарлама |
18 | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама |
19 | Жергілікті атқарушы органдар | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті басқару органдары | Тұқымның сұрыпты және егу сапаларына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық егістерін сынақтан өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама | |||
Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация | |||
Фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық қажеттіліктер үшін жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы хабарлама | |||
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті басқару органдары | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны туралы хабарлама | ||
20 | Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары | Орталық мемлекеттік органның ведомстволары, құрылымдық бөлімшелері және олардың аумақтық бөлімшелері | Өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |