"Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 88 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 35552 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20075 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Банк касса торабының үй-жайларындағы терезе ойықтарын қорғау үшін МЕМСТ 24033-2018 "Терезелер, есіктер, қақпалар. Механикалық сынау әдістері" мемлекетаралық стандартына (бұдан әрі – МЕМСТ 24033-2018 мемлекетаралық стандарты) сәйкес металл торларды және (немесе) бұзып кіре алмайтын берік әйнекті қолданады, бұл касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және қолма-қол ақша мен құндылықтардың ұрлану мүмкіндігін болдырмайтын тиісті құжаттаманың (жеткізушіден) болуымен расталады.

      Осы тармақтың талабы Ұлттық пошта операторына 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.";

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сейф бөлмесінің есігі тиісті құжаттаманың (жеткізушіден) болуымен расталатын, ҚР СТ EN 1143-1-2020 "Қауіпсіз сақтауға арналған құрылғылар. 1-бөлім. Сейфтер, банкоматтарға арналған сейфтер, сейфі бар сақтау орындарына арналған есіктер және сейфі бар сақтау орындары" Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес ішке енуден қорғауды қамтамасыз ететін, бұзып кіруге төзімділіктің IV сыныбынан кем емес, қалыңдығы кемінде 4 (төрт) миллиметр сейф бөлмесінің металл есігі. Осы саңылауға бір құлыппен жабылатын ішкі торлы металл есік орнатылады.

      Осы тармақшаның талабы Ұлттық пошта операторына 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қоймада және сейф бөлмесінде кассалық операцияларды механикаландыру құралдарына, жарықтандыруға, желдетуге, қауіпсіздік және сигнализация жүйелеріне арналған құбырлар мен электр қуатының кабельдерін қоспағанда, коммуникациялар (энергия алуды және пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар, электр беру желілері, газ және су құбырлары, трансформаторлық және сорғы станциялары, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар, бақылау-өлшеу аспаптары) жүргізуге жол берілмейді.

      Банктер, инкассаторлық ұйымдар, уәкілетті ұйымдар қоймада және сейф бөлмесінде желдетуді орнату туралы шешім қабылдаған жағдайда, қоймада және сейф бөлмесінде желдетуді жобалау ҚР ҚЖ 4.02-101-2012 "Жылыту, желдету және ауаны баптау" Қазақстан Республикасының қағидалар жинағына сәйкес келуге тиіс. Қойма есіктері ашылғаннан кейін қосылатын мәжбүрлі желдету жүйесімен қойманы жабдықтауға жол беріледі.

      Қойма мен сейф бөлмесіндегі желдеткіш құрылғысы ішке енуден қорғауды қамтамасыз ететін арнайы сигнализациямен жабдықталуға тиіс.

      Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінің талаптары Ұлттық пошта операторына 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Касса (кассалар) үй-жайының құрылғысы мынадай өлшемдерге сәйкес келеді:

      1) әрбір кассаның құлыппен жабылатын есігі бар жеке кіретін жері болады.

      Егер касса касса торабының сыртында болса, құлыпқа жабылатын және бұзып кіре алмайтын берік есік орнатылады.

      2) кассаның қабырғалары, төбесі мен едені касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталады;

      3) кассаның алдыңғы бөлігінде МЕМСТ 24033-2018 мемлекетаралық стандартына сәйкес бұзып кіре алмайтын берік әйнекпен жабдықталған терезе ойығы болады, бұл касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және қолма-қол ақша мен құндылықтардың ұрлану мүмкіндігін болдырмайтын тиісті құжаттаманың (жеткізушіден) болуымен расталады.

      Осы тармақшаның талабы Ұлттық пошта операторына 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады;

      4) кассаның алдыңғы бөлігі қолма-қол ақша мен құндылықтарды беру үшін арнайы тасымалдау құрылғылармен жабдықталады. Тасымалдау құрылғысын іске қосу және бекіту тетігі жарамды күйінде кассаның ішінде болады.

      Әйнек пен тасымалдайтын құрылғы арасында тесіктердің пайда болуына жол берілмейді.

      Кассаның төмен жағының алдыңғы бөлігін 10 (он) бумадан астам банкнотты және (немесе) 5 (бес) қаптан астам монетаны қабылдауға және беруге мүмкіндік беретін инкассаторлық бункермен жабдықтауға жол беріледі;

      5) кассалардың арасы кассаларды және тиісінше касса қызметкерлерінің арасында олардың жұмыс орындарын бөліп тұратын қалқалармен жабдықталады;

      6) касса бейнебақылау жүйесінің бейнекамераларымен жабдықталады;

      7) касса сөйлесу құрылғысымен (микрофонмен) жабдықталады.";

      17-тармақ алып тасталсын.

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Көшеден жеке кіру есігі бар, үйлерде (ғимараттарда, үй-жайларда) орналасқан уәкілетті ұйымның үй-жайы мынадай үй-жайларды:

      1) кассаны;

      2) операциялық залды немесе клиентке қызмет көрсетуге арналған үй-жайды қамтиды.

      Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің үй-жайы құқық белгілейтін құжатта және (немесе) жалдау шартында көрсетілген мекенжай бойынша орналасуға тиіс.

      23. Уәкілетті ұйым кассасының үй-жайларын жайластыру Қағидалардың 16-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:

      1) осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші абзацтары тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы абзацтардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "11. Банк кассалық торап үй-жайларындағы терезе саңылауларын қорғау үшін касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және қолма-қол ақша мен құндылықтардың ұрлану мүмкіндігін болдырмайтын металл торларды және (немесе) қорғаныс құралдарымен жабдықталған бұзушылыққа қарсы және оқ өткізбейтін ролеттерді пайдаланады";

      2) осы қаулының 1-тармағының жетінші, сегізінші абзацтары тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы абзацтардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "3) сейф бөлмесінің есігі металл, қалыңдығы кемінде 4 (төрт) миллиметр, оны екі құлыппен бекітуге болады. Осы саңылауға бір құлыппен жабылатын ішкі торлы металл есік орнатылады.";

      3) осы қаулының 1-тармағының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтары тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы абзацтардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "14. Қоймада және сейф бөлмесінде кассалық операцияларды механикаландыру құралдарына, жарықтандыруға, қауіпсіздік және сигнализация жүйелеріне арналған құбырлар мен электр қуатының кабельдерін қоспағанда, коммуникациялар (энергия алуды және пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар, электр беру желілері, газ және су құбырлары, трансформаторлық және сорғы станциялары, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар, бақылау-өлшеу аспаптары) жүргізуге жол берілмейді.";

      4) осы қаулының 1-тармағының он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтары тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы абзацтардың қолданылуы тоқтатыла тұрсын:

      "16. Касса (кассалар) үй-жайының құрылғысы мынадай өлшемдерге сәйкес келеді:

      1) әрбір кассаның құлыппен жабылатын есігі бар жеке кіретін жері болады;

      2) кассаның қабырғалары, төбесі мен едені касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталады;

      3) кассаның алдыңғы бөлігінде касса қызметкерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарымен жабдықталған және қолма-қол ақша мен құндылықтардың ұрлануын болдырмайтын терезе ойықтары болады;

      4) кассаның алдыңғы бөлігі қолма-қол ақша мен құндылықтарды беру үшін арнайы тасымалдау құрылғылармен жабдықталады. Тасымалдау құрылғысын іске қосу және бекіту тетігі жарамды күйінде кассаның ішінде болады.

      Кассаның төмен жағының алдыңғы бөлігін 10 (он) бумадан астам банкнотты және (немесе) 5 (бес) қаптан астам монетаны қабылдауға және беруге мүмкіндік беретін инкассаторлық бункермен жабдықтауға жол беріледі;

      5) кассалардың арасы кассаларды және тиісінше касса қызметкерлерінің арасында олардың жұмыс орындарын бөліп тұратын қалқалармен жабдықталады;

      6) касса бейнебақылау жүйесінің бейнекамераларымен жабдықталады;

      7) касса сөйлесу құрылғысымен (микрофонмен) жабдықталады.".

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2020 года № 14 "Об утверждении Правил организации охраны и устройства помещений банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, Национального оператора почты, юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, и юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 декабря 2024 года № 88. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 декабря 2024 года № 35552.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.5.

      Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2020 года № 14 "Об утверждении Правил организации охраны и устройства помещений банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, Национального оператора почты, юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, и юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20075) следующие изменения:

      в Правилах организации охраны и устройства помещений банков второго уровня, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, Национального оператора почты, юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, и юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Банк для защиты оконных проемов в помещениях кассового узла применяет металлические решетки, и (или) стекло устойчивое к взлому в соответствии с межгосударственным стандартом ГОСТ 24033-2018 "Окна, двери, ворота. Методы механических испытаний" (далее – межгосударственный стандарт ГОСТ 24033-2018), что подтверждается наличием соответствующей документации (от поставщика), обеспечивающие безопасность кассового работника и исключающие возможность хищения наличных денег и ценностей.

      Требование настоящего пункта распространяется на Национальный оператор почты с 1 января 2030 года.";

      подпункт 3) пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "3) дверь сейфовой комнаты металлическая, толщиной не менее 4 (четыре) миллиметра, не менее класса устойчивости к взлому IV, обеспечивающая защиту от проникновения в соответствии с национальным стандартом Республики Казахстан СТ РК EN 1143-1-2020 "Устройства для безопасного хранения. Часть 1. Сейфы, сейфы для банкоматов, двери для сейфовых хранилищ и сейфовые хранилища", которая подтверждается наличием соответствующей документации (от поставщика). В этом же проеме устанавливается внутренняя решетчатая металлическая дверь, закрывающаяся на один замок.

      Требование настоящего подпункта распространяется на Национальный оператор почты с 1 января 2030 года.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. В кладовой и сейфовой комнате не допускается проведение коммуникаций (технических устройств, обеспечивающих получение и использование энергии, линий электропередач, газо- и водопроводы, трансформаторные и наносные станции, а также инженерных коммуникаций, контрольно-измерительных приборов), за исключением трубопроводов и кабелей электропитания для средств механизации кассовых операций, освещения, вентиляции, систем безопасности и сигнализации.

      В случае принятия банками, инкассаторскими организациями, уполномоченными организациями решения об установлении вентиляции в кладовой и сейфовой комнате, проектирование вентиляции в кладовой и сейфовой комнате должно соответствовать своду правил Республики Казахстан СП РК 4.02-101-2012 "Отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха". Допускается оборудование кладовой системой принудительной вентиляции, подключаемой после открывания дверей кладовой.

      Устройство вентиляции в кладовой и сейфовой комнате должно быть снабжено специальной сигнализацией, обеспечивающей защиту от проникновения.

      Требования частей второй и третьей настоящего пункта распространяется на Национальный оператор почты с 1 января 2030 года.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Устройство помещения кассы (касс) соответствуют следующим параметрам:

      1) каждая касса имеет отдельный вход с закрывающейся на замок дверью.

      В случае если касса находится вне кассового узла, устанавливается закрывающаяся на замок и устойчивая к взлому металлическая дверь;

      2) стены, потолок и пол кассы оборудуются защитными средствами, обеспечивающими безопасность кассового работника;

      3) передняя часть кассы имеет оконный проем, оборудованный стеклом устойчивым к взлому в соответствии с межгосударственным стандартом ГОСТ 24033-2018, что подтверждается наличием соответствующей документации (от поставщика), обеспечивающим безопасность кассового работника и исключающим возможность хищения наличных денег и ценностей.

      Требование настоящего подпункта распространяется на Национальный оператор почты с 1 января 2030 года;

      4) передняя часть кассы оборудуется специальными транспортирующими устройствами для передачи наличных денег и ценностей. Механизм приведения в действие и фиксации транспортирующего устройства находится внутри кассы в исправном состоянии.

      Не допускается появление отверстий между стеклом и транспортирующим устройством.

      Допускается оборудовать нижнюю переднюю часть кассы инкассаторским бункером, позволяющим принимать и выдавать более 10 (десяти) пачек банкнот и (или) 5 (пяти) мешков монет;

      5) между кассами оборудуются перегородки, отделяющие кассы и соответственно рабочие места кассовых работников между собой;

      6) касса оборудуется видеокамерами системы видеонаблюдения;

      7) касса оборудуется переговорным устройством (микрофоном).";

      пункт 17 исключить.

      пункты 22 и 23 изложить в следующей редакции:

      "22. Помещение уполномоченной организации, расположенное в зданиях (сооружениях, помещениях), имеющее отдельный вход с улицы, включает следующие помещения:

      1) касса;

      2) операционный зал или помещение для обслуживания клиентов.

      Помещение обменного пункта уполномоченной организации должно располагаться по адресу, указанному в правоустанавливающем документе и (или) договоре аренды.

      23. Устройство помещений кассы уполномоченной организации осуществляется в соответствии с пунктом 16 Правил.".

      2. Департаменту наличного денежного обращения Национального Банка Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом Национального Банка Республики Казахстан государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент Национального Банка Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      5. Приостановить со дня введения в действие настоящего постановления до 1 января 2027 года действие:

      1) абзацев четвертого, пятого пункта 1 настоящего постановления, установив, что в период приостановления данные абзацы действуют в следующей редакции:

      "11. Банк для защиты оконных проемов в помещениях кассового узла применяет металлические решетки, и (или) противовзломные и пулестойкие ролеты, оборудованные защитными средствами, обеспечивающими безопасность кассового работника и исключающие возможность хищения наличных денег и ценностей.";

      2) абзацев седьмого, восьмого пункта 1 настоящего постановления, установив, что в период приостановления данные абзацы действуют в следующей редакции:

      "3) дверь сейфовой комнаты металлическая, толщиной не менее 4 (четыре) миллиметра, закрывающаяся на два замка. В этом же проеме устанавливается внутренняя решетчатая металлическая дверь, закрывающаяся на один замок.";

      3) абзацев десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого пункта 1 настоящего постановления, установив, что в период приостановления данные абзацы действуют в следующей редакции:

      "14. В кладовой и сейфовой комнате не допускается проведение коммуникаций (технических устройств, обеспечивающих получение и использование энергии, линий электропередач, газо- и водопроводы, трансформаторные и наносные станции, а также инженерных коммуникаций, контрольно-измерительных приборов), за исключением трубопроводов и кабелей электропитания для средств механизации кассовых операций, освещения, систем безопасности и сигнализации.";

      4) абзацев пятнадцатого, шестнадцатого, семнадцатого, восемнадцатого, девятнадцатого, двадцатого, двадцать первого, двадцать второго, двадцать третьего, двадцать четвертого, двадцать пятого и двадцать шестого пункта 1 настоящего постановления, установив, что в период приостановления данные абзацы действуют в следующей редакции:

      "16. Устройство помещения кассы (касс) соответствуют следующим параметрам:

      1) каждая касса имеет отдельный вход с закрывающейся на замок дверью;

      2) стены, потолок и пол кассы оборудуются защитными средствами, обеспечивающими безопасность кассового работника;

      3) передняя часть кассы имеет оконный проем, оборудованный защитными средствами, обеспечивающими безопасность кассового работника и исключающие возможность хищения наличных денег и ценностей;

      4) передняя часть кассы оборудуется специальными транспортирующими устройствами для передачи наличных денег и ценностей. Механизм приведения в действие и фиксации транспортирующего устройства находится внутри кассы в исправном состоянии.

      Допускается оборудовать нижнюю переднюю часть кассы инкассаторским бункером, позволяющим принимать и выдавать более 10 (десяти) пачек банкнот и (или) 5 (пяти) мешков монет;

      5) между кассами оборудуются перегородки, отделяющие кассы и соответственно рабочие места кассовых работников между собой;

      6) касса оборудуется видеокамерами системы видеонаблюдения;

      7) касса оборудуется переговорным устройством (микрофоном).".

      Председатель Национального Банка
Республики Казахстан
Т. Сулейменов