"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 156-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1507 бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға
Р/с № | Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) атауы | Өлшем бірлігі | Көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға (теңге) |
1 | Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау | көрсетілетін қызмет | 390 000, 00 |