БҰЙЫРАМЫН:
1. "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10335 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Аталған бұйрықпен бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:
16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"16) осы Қағидалардың талаптарын сақтауға жауаптылар - су айдындарының, су объектілеріндегі жаппай демалыс, туризм және спорт орындарының иелері (жалға алушылар, өтеусіз пайдаланушылар), нұсқаушылар және (немесе) жаттықтырушылар, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ су айдындарын пайдаланатын және (немесе) оларда демалып жатқан жеке және заңды тұлғалар;
17) сақтандыру ұшы - құтқару дөңгелегімен немесе құтқару кеудешесімен бірлесіп пайдаланылатын, белбеуге немесе иыққа тағылатын нұсқаушының өзін сақтандыруға арналған ілмегі бар катушкадағы ұзындығы кемінде 200 метр қалқымалы балға;";
19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;";
мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"25-1) шомылу - жуыну, денсаулықты нығайту немесе демалу мақсатында суға түсу, жүзу және су айдындарында болу;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шомылуға бөлінген су айдыны акваториясы учаскесінің түбін 2 метрге дейінгі тереңдікте зерттеп-қарауды және тазалауды, сондай – ақ жағажайдың осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкестігін көзбен шолып қарауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі-уәкілетті орган) аумақтық бөлімшелері немесе қарамағындағы мемлекеттік мекемелері немесе жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен су астында жұмыс жүргізу үшін сүңгуірлік жабдықтары мен құрал-жабдықтары бар ұйымдар жүргізеді.";
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жағажайдың осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкестігін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орнын ұйымдастырушының өтініші бойынша көзбен шолып қарауды (шомылу маусымы басталғанға дейін) жүргізеді;";
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шомылу маусымы басталар алдында 2 метрге дейінгі тереңдікте шомылуға бөлінген су айдыны акваториясы учаскесінің түбін тексеру және тазалау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жағажайды зерттеу актісі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен беріледі (жағажайды зерттеу актісі барлық қолдар болған жағдайда жарамды болып табылады);";
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) күзет бекеттері құрылады (су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орнын ұйымдастырушының бастамасы бойынша);";
6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"6) киім ауыстыруға арналған кабиналар (50 адамға 1), дәретханалар (50 адамға 1, шомылу орнынан кемінде 50 метр және 150 метрден аспайтын қашықтықта), шезлондар, тенттер мен шатырлар (су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орнын ұйымдастырушының бастамасы бойынша);
7) қызмет көрсетудің барлық аймағын қамтитын дауыс зорайтқыш құрылғылар, телефон байланысы және бейне тіркеу жүйесі орнатылады; (бейне тіркеу жүйесі су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орнын ұйымдастырушының бастамасы бойынша орнатылады);";
14-тармақ мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) кемеде (оның ішінде шағын көлемді), су көлігінде немесе тіркеп сүйретілетін жүзу құралында құтқару кеудешелерін кимеген және түймелеп алмаған адамдары бар кемені (оның ішінде шағын көлемді), су көлікті немесе тіркеп сүйретілетін жүзу құралын басқаруға, болуға;";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 505 Бұйрығына 1 қосымша Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына 2-қосымша |
Су айдындарындағы қауіпсіздік белгілері
р/с | Белгідегі жазу | Белгінің жалпы түрі |
1. | Шомылу орны! | Жасыл шеңберде ақ фонда. Үстінен жазу. Жазудың астында (жүзудің шекарасын метрмен көрсете отырып) жүзіп келе жатқан адам бейнеленген. Белгі ақ түсті бағанға бекітіледі |
2. | Балалардың шомылатын орны! | Жасыл шеңберде ақ фонда. Үстінен жазу. Жазудың астында (жүзу шегі метрмен көрсетілген) суда тұрған екі бала бейнеленген. Белгі ақ түсті бағанға бекітіледі |
3. | Шомылуға тыйым салынады (шекараларын метрмен көрсете отырып)! | Қызыл раманың ішінде ақ фонда. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жақта жүзіп келе жатқан адам бейнелеген. Бейне жоғарыдағы сол жақ бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. |
4. | Мұз үстiмен жүруге болады! | Тұтастай жасыл түске боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi. |
5. | Мұз үстiмен жүруге тыйым салынады! | Тұтастай қызыл түске боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. |
6. | Толқуды тудырмаңыз! | Қызыл шеңбердің ішінде ақ фонда қызыл сызықпен сызылған қара түсті екі толқын бейнеленген. Белгі қызыл түсті бағанға бекітіледі |
7. | Сүңгуге тыйым салынады! | Қызыл раманың ішінде ақ фонда. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жағында сүңгіп бара жатқан адам бейнеленген. Бейне жоғарыдағы сол жақ бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. |
8. | Жүзу құралдарының қозғалысына тыйым салынады! | Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жағында iлме моторлы шағын көлемді кеме бейнеленген. Бейне жоғарыдағы бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Жағажайдың акваториясын қоршайтын қалқыбелгілер бірге қойылады. |
9. | Шағын көлемді кемелердің тұруына және тоқтауына тыйым салынады! | Қызыл шеңбердің ішінде ақ фонда қызыл сызықпен сызылған қара түсті "Р" әрпі бейнеленген. Белгі қызыл түсті бағанға бекітіледі |
10. | Қауіпті! Иірім! | Қара жиектемедегі жасыл үшбұрыш ақ фонда және ортасында екі ирек көлденең сызықпен сызылған леп белгісі. Үстіңгі жағында "Қауіпті!" деген жазу. Төменгі жағында қара жиектемеде "Иірім!" деген жазу. Қалқымалы белгі, су кемерінен 5-10 метр жерде, тереңдіктер күрт алмасатын ауданға қойылады. |
11. | Зәкірді лақтырмаңыз! | Қызыл шеңбердің ішінде ақ фонда қызыл сызықпен сызылған қара түсті Зәкір бейнеленген. Белгі қызыл түсті бағанға бекітіледі. |
12. | Абайлаңыз, жұқа мұз! | Қызыл шеңберде ақ фонда. Жоғарыдан жазу. Төменде мұздың астына түскен адам бейнеленген. Сурет жоғарғы сол жақ бұрыштан диагональ бойынша қызыл сызықпен сызылған. Белгі қызыл түсті бағанаға бекітіледі. |
2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 505 Бұйрығына 2 қосымша Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына 4 қосымша |
Су айдындарында жаппай іс-шара өткізу туралы хабарлама
1. Бұқаралық іс-шараның мақсаты
___________________________________________________________________
2. Бұқаралық іс-шара нысаны
___________________________________________________________________
3. Бұқаралық іс-шараны өткізу орны (орындары), қатысушылардың қозғалыс маршруттары, көлік (оның ішінде жүзу) құралдарын пайдаланған жағдайда оларды пайдалану туралы ақпарат
___________________________________________________________________
4. Бұқаралық іс-шараның басталу күні, уақыты
___________________________________________________________________
Бұқаралық іс-шараның аяқталу күні, уақыты
___________________________________________________________________
5. Бұқаралық іс-шараға қатысушылардың болжамды саны _____ адам
6. Ұйымдастырушының бұқаралық іс-шараны қамтамасыз ету нысандары мен әдістері:
1) көрермендер мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде нұсқаушыларды даярлау жөніндегі курстардан өткені туралы анықтамасы бар нұсқаушылардың саны)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
2) қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету (полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуде көмек көрсету үшін тартылатын жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің, еріктілер мен бақылаушылардың саны (олар тартылған жағдайда)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
3) медициналық көмекті ұйымдастыру
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
7. Бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушының (ұйымдастырушылардың) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы, оның тұрғылықты немесе болған жері туралы не тұрған жері туралы мәліметтер және телефон нөмірі
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
8. Бұқаралық іс-шараны өткізу тәртібі, оның ішінде келушілерге, көрермендерге және бұқаралық іс-шараның өзге де қатысушыларына
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9. Су объектісіндегі адамдардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), байланыс деректері
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қосымша:
__________________________________________________________________
(бұқаралық іс-шара өткізу объектісін пайдалануға құқықтардың бар екендігін растайтын құжаттар)
20__ жылғы "___"________ _______________________________
(хабарламаның берілген күні) (бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушының (ұйымдастырушылар) қолы