БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бірлескен бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";
бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара арқылы профилактикалық бақылауды және тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;";
бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"32) осы бірлескен бұйрықтың 32-қосымшасына сәйкес осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға, сондай-ақ жедел ден қою шарасының нақты түрінің нақты бұзушылықтарына қатысты айқындауға әкеп соғатын тексеру парақтарына енгізілген талаптар тізбесі бекітілсін.";
бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалаудың осы өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген), "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.";
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау Өлшемшарттарына 1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 12-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
12. |
Кезекші персоналдың автоматты өрт дабылы қабылдау-бақылау аспабы орналасқан үй-жайларда орналасуы телефоны болады және ғимаратта түнде қалған адамдарды есепке алу журналы еркін нысанда жүргізіледі. | болмашы |
";
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 24-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
24. | Тұрғын үйлердің аулалық учаскелерінде, ірі жемшөптерді ғимараттарға және қосалқы құрылыстарға кемінде 15 метрге дейін қашықтықта жинауға жол бермеу (ірі жемшөптерді көрсетілген қашықтықта жинау мүмкін болмаған кезде, жинау орнын кемінде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда, қашықтық 15 метрден 5 метрге дейін қысқартылады) | өрескел |
";
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 35-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
35. | Ұйым басшысының өрт сөндіру және өрт дабылы қондырғыларының, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды хабарлау және басқару жүйелерінің, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтаудың, өртке қарсы жабдық пен өрт техникасының, өртке қарсы есіктердің, клапандар мен люктердің, өртке қарсы тосқауылдардағы ойықтарды толтыруын, ғимараттар мен құрылыстардағы үй-жайлардың, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын, адамдарды құтқару жеке және ұжымдық құралдарының, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және сыртқы технологиялық қондырғыларды найзағайдан қорғау құрылғыларының болуын, жобалау құжаттамасына сәйкес келуін және олардың үнемі жарамды жұмыс күйінде болуын қамтамасыз етуі | өрескел |
";
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 94-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
94. | Сұйық отынмен жұмыс істейтін аппарат авариялық төгілу кезінде отын багындағы бүкіл отын мөлшері сиятын металл науаға орнату. Көрсетілген науаны құммен немесе басқа жанбайтын адсорбентпен толтыру, ол отын сұйықтығы сіңгеннен кейін жойылады | өрескел |
";
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 100-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
100. |
Жылыту пештерін пайдалану кезінде жол бермеу: | өрескел |
";
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 116-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
116. | Гидрант құдықтарын бөгде заттар мен жер асты суларынан тазарту және оларды қыс мезгілінде оқшаулау, сондай-ақ құдықтардың люктерін қар мен мұздан тазарту | елеулі |
";
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 233-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
233. |
Электромобильдерді қоспағанда, аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген үй-жайларда қайта зарядтауға жол бермеу. | елеулі |
";
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 271-жолы алынып тасталсын;
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 507-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
507. | Жататын мүгедек адамдарды және қарттарды барынша тез эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып, оларды үй-жайларға орналастыру. Адамдардың осы санатын жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға жол бермеу | елеулі |
";
Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшаның Профилактикалық бақылау, берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесінің реттік нөмірі 614-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
614. | Қажетті арнайы техниканың (бульдозер, самосвал, экскаватор, тиегіш, суару жуғыш машина, су таратқыш, су айдауға арналған мотопомпалар), өрттің алдын алу және тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарына қызмет көрсету үшін сусымалы инертті материалдар қорының болуы | өрескел |
";
бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасының реттік нөмірі 6-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. |
Кезекші персоналдың автоматты өрт дабылы қабылдау-бақылау аспабы орналасқан үй-жайларда орналасуы телефоны болады және ғимаратта түнде қалған адамдарды есепке алу журналы еркін нысанда жүргізіледі. |
";
бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасының реттік нөмірі 18-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
18. | Тұрғын үйлердің аулалық учаскелерінде, ірі жемшөптерді ғимараттарға және қосалқы құрылыстарға кемінде 15 метрге дейін қашықтықта жинауға жол бермеу (ірі жемшөптерді көрсетілген қашықтықта жинау мүмкін болмаған кезде, жинау орнын кемінде 500 литр суы бар қосымша ыдыспен қамтамасыз еткен жағдайда, қашықтық 15 метрден 5 метрге дейін қысқартылады) |
";
бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасының реттік нөмірі 29-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
29. | Ұйым басшысының өрт сөндіру және өрт дабылы қондырғыларының, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды хабарлау және басқару жүйелерінің, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтаудың, өртке қарсы жабдық пен өрт техникасының, өртке қарсы есіктердің, клапандар мен люктердің, өртке қарсы тосқауылдардағы ойықтарды толтыруын, ғимараттар мен құрылыстардағы үй-жайлардың, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын, адамдарды құтқару жеке және ұжымдық құралдарының, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және сыртқы технологиялық қондырғыларды найзағайдан қорғау құрылғыларының болуын, жобалау құжаттамасына сәйкес келуін және олардың үнемі жарамды жұмыс күйінде болуын қамтамасыз етуі |
";
бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасының реттік нөмірі 88-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
88. | Сұйық отынмен жұмыс істейтін аппарат авариялық төгілу кезінде отын багындағы бүкіл отын мөлшері сиятын металл науаға орнату. Көрсетілген науаны құммен немесе басқа жанбайтын адсорбентпен толтыру, ол отын сұйықтығы сіңгеннен кейін жойылады |
";
бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасының реттік нөмірі 94-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
94. |
Жылыту пештерін пайдалану кезінде жол бермеу: |
";
бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасының реттік нөмірі 110-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
110. | Гидрант құдықтарын бөгде заттар мен жер асты суларынан тазарту және оларды қыс мезгілінде оқшаулау, сондай-ақ құдықтардың люктерін қар мен мұздан тазарту |
";
бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасының реттік нөмірі 15-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
15. |
Электромобильдерді қоспағанда, аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген үй-жайларда қайта зарядтауға жол бермеу. |
";
бірлескен бұйрықтың 7-қосымшасының реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын;
бірлескен бұйрықтың 15-қосымшасының реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Жататын мүгедек адамдарды және қарттарды барынша тез эвакуациялауды қамтамасыз етуді ескере отырып, оларды үй-жайларға орналастыру. Адамдардың осы санатын жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға жол бермеу |
";
бірлескен бұйрықтың 17-қосымшасының реттік нөмірі 87-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
87. | Қажетті арнайы техниканың (бульдозер, самосвал, экскаватор, тиегіш, суару жуғыш машина, су таратқыш, су айдауға арналған мотопомпалар), өрттің алдын алу және тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарына қызмет көрсету үшін сусымалы инертті материалдар қорының болуы |
";
бірлескен бұйрықтың 32-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға, сондай-ақ жедел ден қою шарасының нақты түрінің нақты бұзушылықтарына қатысты айқындауға әкеп соғатын тексеру парақтарына енгізілген талаптар тізбесі";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға, сондай-ақ жедел ден қою шарасының нақты түрінің нақты бұзушылықтарына қатысты айқындауға әкеп соғатын тексеру парақтарына енгізілген талаптар тізбесінде:
бірлескен бұйрықтың 32-қосымшасының реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Ұйым басшысының өрт сөндіру және өрт дабылы қондырғыларының, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды хабарлау және басқару жүйелерінің, түтінге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтаудың, өртке қарсы жабдық пен өрт техникасының, өртке қарсы есіктердің, клапандар мен люктердің, өртке қарсы тосқауылдардағы ойықтарды толтыруын, ғимараттар мен құрылыстардағы үй-жайлардың, тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарын, адамдарды құтқару жеке және ұжымдық құралдарының, сондай-ақ ғимараттарды, құрылыстарды және сыртқы технологиялық қондырғыларды найзағайдан қорғау құрылғыларының болуын, жобалау құжаттамасына сәйкес келуін және олардың үнемі жарамды жұмыс күйінде болуын қамтамасыз етуі | бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтата тұру | 60 күнтізбелік күн |
";
бірлескен бұйрықтың 32-қосымшасының реттік нөмірі 27-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
27. | Сұйық отынмен жұмыс істейтін аппарат авариялық төгілу кезінде отын багындағы бүкіл отын мөлшері сиятын металл науаға орнату. Көрсетілген науаны құммен немесе басқа жанбайтын адсорбентпен толтыру, ол отын сұйықтығы сіңгеннен кейін жойылады | бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтата тұру | 60 күнтізбелік күн |
";
бірлескен бұйрықтың 32-қосымшасының реттік нөмірі 51-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
51. | Технологиялық жабдықты пайдалануға жол бермеу; 1) отынның кемуі кезінде; 2) Бақылау және реттеу аспаптары жоқ, ақаулы, ажыратылған немесе тексеру мерзімі өтіп кеткен кезде; 3) кез келген ақаулықтар болған кезде | бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтата тұру | 60 күнтізбелік күн |
".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
Б. Омарбеков |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті