БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 80 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін он екінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, елу алтыншы, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс бесінші, жетпіс жетінші, сексен екінші, екі жүз он сегізінші, екі жүз қырық алтыншы, екі жүз қырық тоғызыншы абзацтарды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2025 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыс тоқтатылсын:
1) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 63-тармағының 1) тармақшасының бірінші абзацын тоқтата тұру кезеңін белгілей отырып, осы абзац мынадай редакцияда қолданылады:
1) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жиынтығында тарифті бекіту кезінде, тариф мынадай формула бойынша есептеледі:";
2) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 63-тармағының 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары тоқтата тұру кезеңін белгілей отырып, осы абзацтардың мынадай редакцияда қолданылады:
Zөбтж – жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған субъектінің экономикалық негізделген шығындары, теңге;
Pөбтж – жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді тиімді, түрде ұсынуға қажетті пайданың жол берілетін деңгейі, теңге;";
3) тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 63-тармағы 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары тоқтата тұру кезеңін белгілей отырып, осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады:
"3) жылу энергиясымен өткізу жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф бекітілген кезде немесе субъект үшін жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер әрбір көрсетілетін қызмет бойынша жеке бекітілген кезде:
Т = Төнд + Tберу+(Zжабд+Pжабд)/Q, мұндағы:".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |