"Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 1021, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 1, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 510 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 375 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 14 қаңтарда № 35639 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерінде:

      1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқуағарту министрі
Г. Бейсембаев
     
      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А.Альназарова
     
      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова
     
      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 375,
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 510 мен
Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1021 Бұйрыққа
қосымша
  Бірлескен бұйрығымен
бекітілген Әлеуметтік
бейімсіздікке және әлеуметтік
депривацияға әкеп соққан
қатыгездікпен қараудың
бар-жоғын бағалау
критерийлеріне
1-қосымша

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру

№ р/с

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған шекті көрсеткіштер

1.

Күш көрсету зорлық-зомбылығы

2.

Тән ауруына ұшырататын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

3 балл

3.

Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер

2 балл

4.

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

5 балл

5.

Адамның өмiрiне қауiптi емес және зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру

5 балл

6.

Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру

5 балл

7.

Психологиялық зорлық-зомбылық

8.

Дөрекілік, қорқыту, қорлау, қорқыту, бопсалау, қудалау және адамның жағымсыз эмоционалдық реакциясы мен жан ауруын тудыратын басқа әрекеттер (әрекетсіздік)

3 балл

9.

Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу

5 балл

10.

Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар болған кезде

5 балл

11.

Жалғасып келе жатқан қудалау, мәжбүрлі көші-қон

5 балл

12.

Кәмелетке толмағанның көзінше тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау

3 балл

13.

Экономикалық зорлық-зомбылық

14.

Жеке басты куәландыратын, меншікке құқық белгілейтін, әрекеттер жасауға құқық беретін құжаттардан айыру

3 балл

15.

Тіршілік қызметі үшін қажетті ақшалай қаражаттан айыру

2 балл

16.

Тұрғын үйінен айыру

5 балл

17.

Тіршілік қызметі үшін қажетті тамақтан айыру

4 балл

18.

Тіршілік қызметі үшін қажетті киімнен айыру

3 балл

19.

Сексуалдық зорлық-зомбылық

20.

Зорлау, яғни құрбанға немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не құрбандар дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау

5 балл

21.

Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау

5 балл

22.

Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету

5 балл

23.

Жалаңаштануға мәжбүрлеу, денені сипап қарау, әдепсіз немесе қорлайтын қарым-қатынас, сондай-ақ жыныс мүшелеріне соққы беру және оларға заттармен әсер ету, жыныстық қол сұғушылық

5 балл


О внесении изменений в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 528, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 123, Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 271 и Министра просвещения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №190 "Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации"

Совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2024 года № 1021, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 января 2025 года № 1, Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 декабря 2024 года № 510 и Министра просвещения Республики Казахстан от 31 декабря 2024 года № 375. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 января 2025 года № 35639

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Внести в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №528, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июля 2023 года №123, Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №271 и Министра просвещения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года №190 "Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 33002) следующие изменения:

      в Критериях оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации, утвержденных указанным совместным приказом:

      приложение 1 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему совместному приказу.

      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение пяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан, вице-министров труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, здравоохранения Республики Казахстан, просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
__________ Г. Бейсембаев
      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
__________ А. Альназарова
      Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
__________ С. Жакупова
      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
__________ Е. Саденов

  Приложение к приказу
  Приложение 1
к Критериям оценки наличия
жестокого обращения,
приведшего к социальной
дезадаптации и социальной
депривации, утвержденным
совместным приказом
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 31 декабря 2024 года № 375,
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 6 января 2025 года № 1,
Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан
от 30 декабря 2024 года № 510
и Министр внутренних дел
Республики Казахстан
от 26 декабря 2024 года № 1021

Присвоение баллов при оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации при бытовом насилии

№ п/п

Перечень критериев для оценки наличия жестокого обращения при бытовом насилии

Предельные показатели для оценки наличия жестокого обращения при бытовом насилии

1.

Физическое насилие

2.

Нанесение побоев или совершение иных насильственных действий, причинивших физическую боль

3 балла

3.

Нецензурная брань, оскорбительное приставание, унижение, повреждение предметов домашнего обихода и другие действия, выражающие неуважение к гражданам, состоящим с правонарушителем в семейно-бытовых отношениях, нарушающие их спокойствие, совершенные в пределах индивидуального жилого дома или квартиры

2 балла

4.

Причинение физических или психических страданий путем систематического нанесения побоев или иными насильственными действиями

5 баллов

5.

Умышленное причинение, не опасного для жизни человека и средней тяжести вреда здоровью не повлекшего последствий, но вызвавшее длительное расстройство здоровья

5 баллов

6.

Умышленное причинение тяжкого вреда здоровью, опасного для жизни человека или причинение тяжкого вреда повлекшего за собой потерю зрения, речи, слуха или какого-либо органа либо утрату органом его функций, или выразившегося в неизгладимом обезображивании лица, а также причинение иного вреда здоровью, опасного для жизни или вызвавшего расстройство здоровья, либо повлекшее за собой прерывание беременности, психическое расстройство, заболевание наркоманией или токсикоманией

5 баллов

7.

Психологическое насилие

8.

Грубость, издевательства, оскорбление, угроза, шантаж, преследование и другое действие (бездействие), вызывающее отрицательную эмоциональную реакцию человека и душевную боль

3 балла

9.

Доведение лица до самоубийства или до покушения на самоубийство путем угроз, жестокого обращения или систематического унижения человеческого достоинства пострадавшего

5 баллов

10.

Угроза убийством или причинением тяжкого вреда здоровью, а равно иным тяжким насилием над личностью либо уничтожением имущества поджогом, взрывом или иным общеопасным способом при наличии достаточных оснований опасаться приведения этой угрозы в исполнение

5 баллов

11.

Продолжающееся преследование, вынужденная миграция

5 баллов

12.

Совершение бытового насилия в присутствии несовершеннолетнего

3 балла

13.

Экономическое насилие

14.

Лишение документов, удостоверяющих личность, устанавливающих право собственности, на совершение действий

3 балла

15.

Лишение денежных средств, необходимых для жизнедеятельности

2 балла

16.

Лишение жилья

5 баллов

17.

Лишение пищи, необходимой для жизнедеятельности

4 балла

18.

Лишение одежды, необходимой для жизнедеятельности

3 балла

19.

Сексуальное насилие

20.

Изнасилование, то есть половое сношение с применением насилия или с угрозой его применения к пострадавшему или к другим лицам либо с использованием беспомощного состояния пострадавшего

5 баллов

21.

Совершение развратных действий без применения насилия в отношении лица, заведомо не достигшего четырнадцатилетнего возраста

5 баллов

22.

Понуждение лица к половому сношению, мужеложству, лесбиянству или совершению иных действий сексуального характера

5 баллов

23.

Принуждение к оголению, ощупывание тела, непристойное или унижающее обращение, a также удары по половым органам и воздействие на них предметами, сексуальное посягательство

5 баллов