Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VIІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25676 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
жоғарыда көрсетілген шешімге қосымшада:
3-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"3.Қызметті алушының жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін беру қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.";
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Табысы аз отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес тоқсанына бір рет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |