"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидия нормалары бекітілсін.
2. "Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № А-10/470 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30075 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қазандағы № А-10/501 қаулысына қосымша |
2024 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі және субсидия нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | 1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге |
1 | Күнбағыс | 20000 |
2 | Рапс | 17000 |