Ақкөл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақкөл қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № А-6/134 бірлескен қаулысы және Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 маусымдағы № С 23-9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 маусымда № 8768-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Ақкөл қаласы азаматтарының келесі санаттарына тегін жолақы түрінде жеңілдік белгіленсін:

      1) кәмелетке толмаған бірге тұратын төрт және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға (заңды өкілдерінің біріне);

      2) көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға.

      2. Қаржыландыру көзі болып Ақкөл ауданының бюджеті анықталсын.

      3. Осы бірлескен Ақкөл ауданы әкімдігінің қаулысы және Ақкөл аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі Б.Абдрахманов
      Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы С.Абаханов

Об установлении льготы по оплате проезда отдельным категориям граждан города Акколь на общественном транспорте (кроме такси) в городе Акколь

Совместные постановление акимата Аккольского района Акмолинской области от 12 июня 2024 года № А-6/134 и решение Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 12 июня 2024 года № С 23-9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 13 июня 2024 года № 8768-03

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан", акимат Аккольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ и Аккольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить льготу в виде бесплатного проезда на общественном транспорте (кроме такси) в городе Акколь следующим категориям граждан города Акколь:

      1) многодетным семьям (одному из законных представителей), имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей;

      2) детям школьного возраста из многодетных семей.

      2. Определить источником финансирования бюджет Аккольского района.

      3. Настоящее совместное постановление акимата Аккольского района и решение Аккольского районного маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Аккольского района Б.Абдрахманов
      Председатель Аккольского районного маслихата С.Абаханов