Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының "Aтбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8650-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
12 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
12 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Рахимов |