Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай ауданында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабы 4-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерлеме мөлшері 4 %-дан 2 %-ға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы | М.Нурпанова |