"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық санаттағы жүргізушілерге 70 пайыз және қалған жұмыскерлерге 30 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
2. Осы шешiм 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы | М.Нурпанова |