"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 50-баптарына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |
2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 190 шешіміне қосымша |
Ақтөбе облыстық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8467 тіркелген) шешімі;
2. "2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8466 тіркелген) шешімі;
3. "2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 84 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 27 мамырдағы № 139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8586-04 тіркелген) шешімі;
4. "2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 10 шілдедегі № 156 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8608-04 тіркелген) шешімі.