Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәcлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Байғанин ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы №128 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8511 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Сержан |