Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 15 қазандағы №288 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Байғанин ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6414 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | А. Купенов |