Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 18.03.2024 № 118 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығаруының 35-жылдығына (15 ақпан 2024 жыл) орай Ырғыз ауданында тiркелген және тұрақты тұратын келесі санаттағы азаматтарға 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
5) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;
6) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
7) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер.
2. Әлеуметтік көмек "Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен алушылардан өтініштер талап етілмей "Азаматтарға арналға үкімет" Мемлекеттік корпарациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының тізімідеріне сәйкес көрсетіледі.
3. Ырғыз ауданының жергілікті бюджеті қаржыландыру көзі болып анықталсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Турымов |