Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 128 "Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Қарғалы ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8504 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Аманжолов |