Ойыл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 114 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 ақпанда № 8494 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және "Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ойыл ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Займолдин

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в Уилском районе

Решение Уилского районного маслихата Актюбинской области от 8 февраля 2024 года № 114. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 9 февраля 2024 года № 8494

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2023 года № 393 "Об определении видов деятельности для целей применения специального налогового режима розничного налога и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2022 года № 912 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 февраля 2021 года № 30 "Об определении видов деятельности для целей применения специального налогового режима розничного налога"", Уилский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога в Уилском районе с 4 (четырех) процентов на 2 (два) процента по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2024 года.

      Председатель Уилского
районного маслихата
С. Займолдин