"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының 2-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |
Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 370 қаулысына қосымша |
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары
Тарау 1. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – Алматы облысының аумағында агроазық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған азық-түлік тауарларының жедел қоры;
2) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту – азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін сату немесе азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін өнім берушіге қайтару, кейіннен жаңа сақтау мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен бастап азық-түлік тауарларының осындай көлемін жеткізу;
3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;
4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру – азық-түлік тауарларын сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларын өңірлік тұрақтандыру қорында орналастыру және сақтау;
5) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
6) сатып алу интервенциялары – "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Қонаев" ӘКК" АҚ) Алматы облысының аумағында бағалар төмендеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;
7) тауарлық интервенциялар – бағалардың өсуі кезінде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;
7-1) тіркелген баға – өндіруге/сатып алуға, сақтауға, табиғи кемуге (кептіруге), межелі жерге дейін жеткізуге жұмсалатын шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынан түсетін маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;
7-2) форвард – сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келісілген шарттармен базалық активті сатып алудың (немесе сатудың) белгілі бір мерзімі өткеннен кейін өзіне міндеттеме алатын туынды қаржы құралы;
8) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің азық-түлік тауарларын түпкілікті тұтынушыларға өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың осы қағидаларына сәйкес сатылады.
5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының әкімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
6. Комиссия төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады, комиссия мүшелері кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның өкілдері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
7. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның өкілдері болуға тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:
1) Алматы облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;
2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін айқындау;
3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін айқындау.
Кәсіпкерлік субъектісінің Комиссия мүшелерінің бірімен үлестес екендігі анықталған жағдайда, соңғысы өздігінен бас тартуды жариялауға тиіс, бұл ретте кәсіпкерлік субъектісін анықтау бойынша шешім қабылдау кезінде оның дауысы ескерілмейді.
4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның ұсыныстарын қарау.
9. Комиссияның жұмысын құруды және ұйымдастыруды Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қамтамасыз етеді.
10. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаны белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның қызметтер сатып алуды жүзеге асырады.
10-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Алматы облысының әкімдігі "Қонаев" ӘКК" АҚ-мен тұрақтандыру қорының ауыспалы активтері туралы міндеттемелерді заттай және ақшалай түрде көрсете отырып, қосымша келісім жасасады.
Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда "Қонаев" ӘКК" АҚ азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатын жергілікті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді.
Егер "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын сату сатып алу бағасынан төмен бағамен жүзеге асырылса, онда соманы қайтару сатып алу мен өткізу бағасының айырмасын шегергенде жүзеге асырылады.
10-2. Тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның үстеме, коммуналдық және өзге де шығыстары жыл сайын азық-түлік тауарларына белгіленген және нарықтық бағалар арасындағы айырма есебінен жабылады.
11. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) тізбесін Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
12. "Қонаев" ӘКК" АҚ-ы Алматы облысының әкімдігіне осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.
Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрлігіне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.
Тарау 2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тетіктерді іске асыру тәртібі
13. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың мынадай тетіктерін іске асыруда:
1) тұрақтандыру қорларының қызметі;
2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру.
13-1. Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары бөлетін, оның ішінде бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген ақшалай қаражат әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қаржыландыру көзі болып табылады.
13-2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру шеңберінде көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ қарақұмық (ядрица) жармасын, ұнтақталған күрішті (дөңгелек дәнді), күнбағыс майын, бірінші сұрыпты бидай ұнын және ақ түйіршіктелген қантты өндіру үшін өңдеуші кәсіпорындарды қаржыландыру белгіленген бағаны белгілей отырып, форвардты қолдана отырып жүзеге асырылады.
Көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және қарақұмық (ядрица) жармасын, ұнтақталған (дөңгелек дәнді) күрішті, күнбағыс майын, бірінші сұрыпты бидай ұнын және ақ – қант-түйіршіктелген қантты өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру форвардтық шарттың жалпы сомасының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде алдын ала төлем және форвардтық шарттан кейінгі түпкілікті есеп өнімді жеткізу.
13-3. Форвардтық шарттар шеңберінде сатып алынатын көкөніс өнімінің көлемі Комиссия шешіміне сәйкес өңірлік сұраныс негізінде Алматы облысының (қалалық немесе жалпы), халқының үш айлық қажеттілігінің 50 пайызына дейін қалыптастырылады.
13-4. "Қонаев" ӘКК" АҚ форвардтық шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруды жүзеге асырады:
2023 жылғы 10 қаңтарға дейін 2023 жылғы ерте егіннің көкөніс өнімдерін өндіру және 2023 жылғы көктем-жаз кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
2023 жылғы 1 ақпанға дейін 2023 жылғы күзгі егіннің көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылғы қыс-көктем кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
2023 жылғы 1 тамызға дейін 2024 жылғы ерте егіннің көкөніс өнімдерін өндіру және 2024 жылғы көктем-жаз кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін;
2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін 2024 жылғы күзгі егіннің көкөніс өнімдерін өндіру және 2025 жылғы қыс-көктем кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін.
2024 жылдан бастап және одан кейінгі жылдары көкөніс өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейін.
келесі жылдың қыс-көктем кезеңінде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейін.
13-5. "Қонаев" ӘКК" АҚ көкөніс өнімдерін сатуды бастағанға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде немесе басқа қоймаларда сақтауды жүзеге асырады. Сақтау шығындарын есептеу Алматы облысы әкімдігінің өңірдегі сақтаудың ұқсас түрлеріндегі сақтаудың орташа құны туралы деректері негізінде жүргізіледі.
13-6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде көкөніс өнімдерін жеткізу "Қонаев" ӘКК" АҚ Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп маусымаралық кезеңде (қыс-көктем кезеңі: ақпан, наурыз, сәуір; көктем-жаз кезеңі: мамыр, маусым, шілде) не басқа кезеңдерде қалыптастыратын кесте негізінде жүзеге асырылады. ішкі нарыққа реттеуші әсер ету қажеттілігі.
13-7. "Қонаев" ӘКК" АҚ Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, форвардтық шарт жасалған сәттен бастап көкөніс өнімдерін өндіру циклінің барлық кезеңдерінде егістікке шыға отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қызметіне мониторингті жүзеге асырады.
13-8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктері шеңберінде сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 19-баптарына сәйкес оны сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
14. Үлгілік қағидаларда регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейі) Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағиадаларымен айқындалады.
Тарау 3. Азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының қызмет тәртібі
15. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
16. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімі (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, қорлардың болуы), егіс алқаптары (жоспарлы), болжамды өнім туралы мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін, өткен күнтізбелік жыл үшін қалыптасқан бағалар, өзге де мәліметтер, сондай-ақ шекті сауда үстемеақысы.
16-1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) пайызы форвардтық шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.
17. Азық-түлік тауарларын өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алу үшін қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32474 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінен қалыптастырылады.
18. "Қонаев" ӘКК" АҚ-ы сататын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі Алматы облысының мемлекеттік статистика органдары және 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 19-бабы 1-тармағындағы Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәнінен 10 және одан да төмен пайыз мөлшерінде қалыптастырылады.
19. Комиссия Алматы облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
20. Алматы облысының әкімдігі Комиссияның ұсынымы негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.
21. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу жолымен жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді сатуды тікелей жүзеге асырмаған жағдайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу азық-түлік тауарларын сатуға маманданған көтерме жеткізушілерден (дистрибьютерлерден) жүзеге асырылады.
22. "Қонаев" ӘКК" АҚ статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына (өндіріс көлемі мен азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар айналымы, қорлардың, бағалардың болуы) тұрақты талдау жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интервенциялары туралы шешім қабылдайды.
23. "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның сатып алу интервенциялары туралы шешімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.
24. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды "Қонаев" ӘКК" АҚ тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен жүзеге асырады.
25. "Қонаев" ӘКК" АҚ агроазық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету қажет болған жағдайда, баға деңгейі 10 және одан жоғары пайызға көтерілген жағдайда тауар интервенцияларын 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізу туралы шешім қабылдайды. Баға деңгейінің өсуін болдырмау үшін және өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында, "Қонаев" ӘКК" АҚ-ы тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының интервенциясын жүргізеді.
26. "Қонаев" ӘКК" АҚ өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдерін тұрақты негізде қамтамасыз етеді.
27. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін, өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе азық-түлік тауарларын сақтау мерзімдері өткенге дейін өнім берушіге қайтару жолымен, кейіннен жаңа сақтау мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен азық-түлік тауарларының осындай көлемін жеткізумен жүзеге асырылады.
28. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауарлық интервенциялар, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін өткізуді "Қонаев" ӘКК" АҚ өзінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері, сондай-ақ шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы жүзеге асырады.
29. Бұл ретте қайта өңдеуші кәсіпорын өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы Алматы облысының әкімі бекіткен оның шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және "Қонаев" ӘКК" АҚ қайта өңдеуші кәсіпорынмен жасасқан өткізу туралы шартта ескертіледі.
30. Алматы облысының әкімдігі "Қонаев" ӘКК" АҚ-мен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары, Алматы облысы әкімдігінің және "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның ресми сайттары арқылы тауарлық интервенцияларды жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі туралы ақпаратты халыққа жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Тарау 4. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі
31. Алматы облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында "Қонаев" ӘКК" АҚ арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне сұраныс пен ұсыныстың өңірлік теңгерімі (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауар қозғалысы, қорлардың болуы), егіс алқаптары (жоспарлы), болжамды өнім туралы мәліметтер негізінде Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес қарыз береді, өткен күнтізбелік жыл үшін қалыптасқан бағалар, өзге де мәліметтер. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз ету және ақылылық шарттарында жүзеге асырылады.
31-1. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілген кезде бюджет қаражатының 70 (жетпіс) пайызы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға жіберіледі.
32. Бағаны тұрақтандыру "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тіркелген төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.
33. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия айқындайды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар (өлшемшарттар) белгіленеді:
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
3) екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
4) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;
5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
6) мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
7) осы қағидалардың 35-тармағына сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуы.
34. Комиссия кәсіпкерлік субъектісін айқындағаннан кейін "Қонаев" ӘКК" АҚ кәсіпкерлік субъектісіне қарыз береді.
35. Кәсіпкерлік субъектісі "Қонаев" ӘКК" АҚ-ның қарызын қайтару бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету: кепіл, банк кепілдігі, сақтандыру шарты, үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде беріледі.
36. Қарыз беру шарттары "Қонаев" ӘКК АҚ мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын қарыз шартында белгіленеді.
Қарыз шарты бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру және (немесе) өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындаған жағдайда, несие шартының мерзімін бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға жол беріледі.
Қарыз шартының мерзімін ұзарту туралы шешімді Комиссия қабылдайды.
37. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
38. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына қосымша | |
Кесте |
Ұсынылады: облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрлігіне
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат
Индекс: № 1 нысан – ӘМАТБТТІАБТА
Жиілік: апта сайын
Есепті кезең: ____________20___жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі –мамандандырылған ұйым), облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
"Қонаев" ӘКК" АҚ-ы Алматы облысының әкімдігіне – апта сайын сәрсенбі күндері;
Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрлігіне – апта сайын бейсенбі күндері.
№ | Тауардың атауы | Тауардың сатылып алынғаны | Тауардың бары |
Сатылған | Қалғаны | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тікелей | Форвордтық келісімшарттар шеңберінде | "Айналым схемасы" шеңберінде | Тұрақтандыру қорларында | Форвордтық келісімшарттар шеңберінде | "Айналым схемасы" шеңберінде | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші | Сауда нысандары | Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші | Сауда нысандары | Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші | Сауда нысандары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | Өткізу орны | тонна | мың теңге | тонна | мың теңге | |||||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | |||||||||||||||||||||||||||
1. | Сиыр еті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. | Қарақұмық жармасы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3. | Қырыққабат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. | Картоп | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. | Айран | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
6. | Пияз | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
7. | Макарон өнімдері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8. | Күнбағыс майы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9. | Сары май | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
10. | Сүт | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
11. | Сәбіз | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
12. | Ұн | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
13. | Тауық еті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
14. | Күріш | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
15. | Қант | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
16. | Тұз | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
17. | Ірімшік | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
18. | Нан | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
19. | Тауық жұмыртқасы, мың дана | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
20. | Жалпы нәтиже, тауық жұмыртқасы мен нанды қоспағанда |
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Атауы:__________________________________
Мекенжайы____________________________
Телефон____________________
Электронды поштасы____________________________
Орындаушы________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы:
__________________________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Күні: "____" _________ 20___ жыл
Мөрдің орны
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" арналған нысанға әкімшілік жинау үшін қосымша |
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары толтырады.
3. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға оның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
4. Нысан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және сауда және интеграция министрлігіне беріледі.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2 тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 2-бағанында тауардың атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 3-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тікелей сатып алған тауарлардың көлемі мен сомасы, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
9. Нысанның 4-бағанында сауда нысандары тікелей сатып алған тауарлардың көлемі мен сомасы, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
10. Нысанның 5-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер форвардтық шарттар шеңберінде сатып алған тауарлардың көлемі мен сомасы, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
11. Нысанның 6-бағанында сауда нысандары форвардтық шарттар шеңберінде сатып алған тауарлардың көлемі мен сомасы, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
12. Нысанның 7-бағанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер "айналым схемасы" шеңберінде сатып алған тауарлардың көлемі мен сомасы, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
13. Нысанның 8-бағанында сауда нысандары "айналым схемасы" шеңберінде сатып алған тауарлардың көлемі мен сомасы, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
14. Нысанның 9-бағанында тұрақтандыру қорларында, тоннамен және мың теңгемен тауарлардың болуы көрсетіледі;
15. Нысанның 10-бағанында форвардтық шарттар шеңберінде тоннамен және мың теңгемен тауарлардың болуы көрсетіледі;
16. Нысанның 11-бағанында "айналым схемасы" шеңберінде тоннамен және мың теңгемен тауарлардың болуы көрсетіледі;
17. Нысанның 12-бағанында сатылған көлемі, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі;
18. Нысанның 13-бағанында қалғаны, тоннамен және мың теңгемен көрсетіледі.