Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 7-32 "Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6033-05 болып тіркелген) шешiмiне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
қазақ тіліндегі мәтінде 7-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) 9 мамыр – Жеңіс Күні:
мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
7-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
9-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып:
оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет – 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдары туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімі – үш ай;";
9-тармақ 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):
әлеуметтік маңызы бар ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың диспансерлік есепте тіркелген ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың төрағасының м.а. | О. Тортаев |