"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Қарасай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қазандағы "Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" № 448 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25050 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж. Естенов |
Әкімдіктің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 635 қаулысына қосымша |
Қарасай ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан орны | Алып жатқан алаңы, шаршы метр | Қызмет саласы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
1 |
Қаскелең қаласы, Қаскелең – Шамалған тас жолының | 600 | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 5 | "Айзере" қонақ үй кешені |
2 | Елтай ауылдық округі, Береке ауылы, Жібек жолы – Алматы тас жолының 19 шақырымындағы автомобиль жолының бойында, "Ботагөз" дүкеніне қарама-қарсы | 600 | Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату) | 5 | "Ботагөз" дүкені |