"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Райымбек аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Райымбек аудандық мәслихатының төрағасы | С. Мусирбаев |
Райымбек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 18-104 шешіміне қосымша |
Райымбек аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 43-227 "Райымбек ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3143 болып тіркелген);
2. Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 мамырдағы № 45-244 "Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 45-244 "Райымбек ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3225 болып тіркелген);
3. Райымбек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 14-81 "Райымбек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 43-227 "Райымбек ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4182 болып тіркелген);
4. Райымбек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 17-96 "Райымбек ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқында туралы" шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4233 болып тіркелген).