"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар аудандық мәслихатының "Талғар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2022 жылғы 4 наурыздағы № 21-71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27065 болып тіркелген) шешімінің және Талғар аудандық мәслихатының "Талғар ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерімен тәртібін айқындау туралы" Талғар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 4 наурыздағы № 21-71 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 4 қазандағы № 10-43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6036-05 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талғар аудандық мәслихатының төрағасы | М. Алибеков |