Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 8-18-91 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 наурызда № 6100-05 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, діни және жастар ісі мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы Н. Есжан

  Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 8-18-91 шешіміне қосымша

Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелді) сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызмет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      3. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      4. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Ұйғыр ауданының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелді) айқындалған тәртіппен есептейді.

      7. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:

      1) Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін тұрғын үйдің жалпы алаңының кемінде 30 (отыз) шаршы метрін құрайды;

      2) электр энергиясын тұтыну нормасы тұтынушыларға айына:

      1 адамға – 45 киловатт;

      2 адамға – 90 киловатт;

      3 адамға – 135 киловатт;

      4 және одан көп адамға – 150 киловатт;

      3) газды тұтыну нормасы: газ плитасы және орталық ыстық сумен жабдықтау болған кезде тамақ дайындау үшін газ шығыны: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар тамақ дайындау үшін тауарлық газды пайдаланатын – 1 отбасыға айына 10,0 текше метр, есептеу аспаптары бар нұсқауларға сәйкес, бірақ қолданыстағы нормадан жоғары емес. Пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасылар үшін – отбасына 1 айға тұтынатын сұйық газ – 10 килограмм (1 кішкене баллон);

      4) тұрғын жайларды жылыту үшін газды тұтыну нормасы: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар үшін тауарлық газды пайдалану кезде – айына 1 шаршы метрге 7,0 текше метр;

      5) сумен қамтамасыз ету нормасы – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      6) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару нормасы – жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттары бойынша;

      7) қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге жылыту маусымына – төрт тонна көмір, бар қажетпен жабдықталған пәтерлерді жылыту үшін электр құатын қолданатындарға төрт тонна көмірдің құны.

      Қатты отынның құнын есептеу кезінде өңірде өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі;

      8) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-қосымшасының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 05.07.2024 № 8-25-134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      10. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      11. Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімдерде тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.

      13. Отбасы көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған жағдайда жиынтық кірісті есептеу жүргізілмейді.

      Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.

      14. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн мерзімде уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін мән жайлар туралы хабардар етеді.

      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).

      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.

      15. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына есептелген сомаларды аудару арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үй көмегін төлеу тоқсанның соңғы айының 20-шы күнінен кейін жүзеге асырылады

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Уйгурском районе

Решение Уйгурского районного маслихата Алматинской области от 18 марта 2024 года № 8-18-91. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 20 марта 2024 года № 6100-05.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Правилами предоставления жилищной помощи, утвержденных приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763), Уйгурский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Уйгурском районе в соответствии с приложением к настоящему решению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Уйгурского районного маслихата "По вопросам социальной защиты населения, трудоустройства, образования, здравоохранения, культуры, языка, религии и по делам молодежи".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Уйгурского районного маслихата Н. Есжан

  Приложение к решению Уйгурского районного маслихата от 18 марта 2024 года № 8-18-91

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Уйгурском районе

      1. Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи (далее – Порядок) разработан в соответствии с приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (далее – Правила), от 8 декабря 2023 года № 117 (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 декабря 2023 года № 33763) и определяет порядок назначения жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

      2. Государственная услуга оказывается на бесплатной основе малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель). Назначение жилищной помощи (далее – государственная услуга) оказывается местными исполнительными органами городов Астаны, Алматы и Шымкент, районов и городов областного значения (далее – услугодатель).

      3. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию или веб-портал "электронного правительства".

      4. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета услугополучателям, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Уйгурского района, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      5. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ Уйгурского района" (далее – уполномоченный орган).

      6. Совокупный доход услугополучателя исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (далее – Правила), от 8 декабря 2023 года № 117 (Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 декабря 2023 года № 33763).

      7. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленным местным представительным органом, не более 10 процентов.

      8. Назначение жилищной помощи услугополучателям производится в соответствии с нижеследующими нормами:

      1) норма площади жилища, в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии. Для одиноко проживающих граждан составляет не менее 30 (тридцать) квадратных метров от общей площади жилища.

      2) норма потребления электрической энергии для потребителей в месяц:

      на 1 человека – 45 киловатт;

      на 2-х человек – 90 киловатт;

      на 3-х человек – 135 киловатт;

      на 4-х и более человек – 150 киловатт.

      3) нормы потребления газа для приготовления пищи при наличии газовой плиты и центрального горячего водоснабжения: семьям, проживающим в частном секторе, в многоквартирных жилых домах при использовании товарного газа для приготовления пищи – 10,0 кубических метров в месяц на одну семью, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм, семьям, проживающим в жилом доме с печным отоплением – 10 килограмм (1 маленький баллон) в месяц на одну семью;

      4) нормы потребления газа для отопления: семьям, проживающим в частном секторе, в многоквартирных жилых домах при использовании товарного газа – при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм 7,0 кубических метров на 1,0 кв.м.;

      5) нормы на водоснабжение – на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм, установленных поставщиком услуги;

      6) нормы вывоз твердых бытовых отходов – по предъявленным поставщиками счетам;

      7) для потребителей твердого топлива: на жилые дома с печным отоплением – четыре тонны угля на отопительный сезон, благоустроенные квартиры, использующие электроэнергию для отопления, стоимость четырех тонн угля на отопительный сезон.

      При расчете стоимости твердого топлива учитывается средняя цена, сложившаяся за предыдущий квартал в регионе;

      8) Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

      Нормы расходов и их тарифы по водоснабжению, теплоснабжению, вывозу мусора, расходов на содержание жилья предоставляются поставщиками услуг.

      9. Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или посредством веб-портала "электронного правительства", с предоставлением документов, предусмотренных в пункте 8, приложения 2 настоящих Правил предоставления жилищной помощи.

      Сноска. Пункт 9 в редакции решения Уйгурского районного маслихата Алматинской области от 05.07.2024 № 8-25-134 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      11. При представлении неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 8 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      12. Услугодатель отказывает в предоставлении жилищной помощи в порядке и сроки, предусмотренные пунктом 9 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги.

      13. Исчисление совокупного дохода не производится при представлении семьей заведомо ложной информации и (или) недостоверных документов.

      При представлении семьей заведомо ложной информации и (или) недостоверных документов, повлекших за собой незаконное назначение жилищной помощи, заявителю и его семье выплата жилищной помощи прекращается на весь период ее назначения.

      14. Получатели жилищной помощи в течении пятнадцати календарных дней извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер.

      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.

      15. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год услугополучателям.

      16. Выплата жилищной помощи услугополучателям осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня, а также через организации, осуществляющие отдельные виды банковской деятельности путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи. Выплата жилищной помощи будет производиться после 20 числа последнего месяца квартала.