Ұйғыр аудандық мәслихатының "Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы № 8-18-91 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 8-25-134 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 шілдеде № 6142-05 болып тіркелді

      Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр аудандық мәслихатының "Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы № 8-18-91 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6100-05 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:


      "9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-қосымшасының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық мәслихат
      төрағасының міндетін атқарушы С. Ермухаметова

О внесении изменений в решение Уйгурского районного маслихата от 18 марта 2024 года № 8-18-91 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Уйгурском районе"

Решение Уйгурского районного маслихата Алматинской области от 5 июля 2024 года № 8-25-134. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 5 июля 2024 года № 6142-05

      Уйгурский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Уйгурского районного маслихата от 18 марта 2024 года № 8-18-91 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Уйгурском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6100-05) следующее изменение:

      в приложении к указанному решению пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или посредством веб-портала "электронного правительства", с предоставлением документов, предусмотренных в пункте 8, приложения 2 настоящих Правил предоставления жилищной помощи.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанностей
      председателя маслихата Уйгурского района С. Ермухаметова