Кеген ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 21-100 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 маусымда № 6129-05 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының 5-тармағына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кеген ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. "Кеген ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-68 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6060-05 болып тіркелген) күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Нұғман

  Кеген аудандық маслихаты 2024 жылғы 13 маусымдағы № 21-100 шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленді.

1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1.Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының 2-тармағында көрсетілген негізгі ұғымдар пайдаланылады.

      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 (он) пайыз мөлшерінде белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      4. Тұрғын үй көмегі көрсетілген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанда құжаттарды ұсыну уақытына қарамастан ағымдағы тоқсанға тағайындалады және көрсетіледі.

      7. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және Қағидалардың 2-қосымшасы Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Қағиданың 2-қосымшасы Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      9. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы олар туындаған күннен бастап хабардар етеді.

      Алушылар тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).

      Артық төленген сомалары ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:

      1) бір отбасы мүшесіне – пайдалы алаңы 18 (он сегіз) шаршы метрден кем емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген жалғыз тұратын азаматтар үшін – пайдаланатын алаңына қарамастан 30 шаршы метр, бірақ нақтыдан асырмай.

      11. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары тиісті уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.

      12. Коммуналдық қызметтерді тұтыну тарифтерін қызмет жеткізуші ұсынады.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      1) газды тұтыну нормасы: газ плитасы және орталық ыстық сумен жабдықтау болған кезде тамақ дайындау үшін газ шығыны: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар тамақ дайындау үшін тауарлық газды пайдаланатын – бір отбасыға айына 10,0 текше метр, есептеу аспаптары бар нұсқауларға сәйкес, бірақ қолданыстағы нормадан жоғары емес. Пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасылар үшін – отбасына 1 айға тұтынатын сұйық газ – 10 килограмм (1 кішкене баллон);

      тұрғын жайларды жылыту үшін газды тұтыну нормасы: көп пәтерлі тұрғын үйлерде, жеке секторда тұратын отбасылар үшін тауарлық газды пайдалану кезде – айына 1 шаршы метрге 7,0 текше метр;

      2) электр энергиясын тұтыну нормасы: 1 адамға – 70 киловатт, 2 адамға – 140 киловатт, 3 адамға – 210 киловатт, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін – 250 киловатт;

      3) сумен қамтамасыз ету нормасы – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      4) кәріз – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;

      5) тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару нормасы: жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша;

      6) қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге жылыту маусымына – алты тонна көмір, бірақ қажетпен жабдықталған пәтерлерді жылыту үшін электр қуатын қолданатындарға алты тонна көмірдің құны.

      Қатты отынның құнын есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

      Коммуналдық қызметтерді тұтыну есебіне қабылданатын шығыстар коммуналдық қызметтерді тұтынудың белгіленген нормативтерінен аспайтын, өткен тоқсандағы нақты шығындар бойынша айқындалады.

      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу

      14. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру Кеген ауданының бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      15. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі тоқсанның соңғы айының 25-і күні төленеді.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Кегенском районе

Решение Кегенского районного маслихата Алматинской области от 13 июня 2024 года № 21-100. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 17 июня 2024 года № 6129-05

      В соответствии с пунком 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763), Кегенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Кегенском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Кегенского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Кегенского района" от 25 декабря 2023 года № 14-68 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6060-05).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Кегенского районного маслихата "По вопросам социальной защиты населения, занятости, языка, культуры, образования, здравоохранения, спорта, туризма, защиты прав граждан, охраны общественного порядка и работы с общественными объединениями, средствами массовой информации".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      А. Нұғман

  Приложение к решению Кегенского районного маслихата от 13 июня 2024 года № 21-100

Размер и порядок оказания жилищной помощи

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказами Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200) и Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (далее – Правила) (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763).

Глава 1. Порядок оказания жилищной помощи

      1.В настоящих размерах и порядках оказания жилищной помощи используются основные понятия, указанные в пункте 2 Правил предоставления жилищной помощи

      2. Государственная услуга оказывается на бесплатной основе малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель). Назначение жилищной помощи оказывается государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Кегенского района" (далее – уполномоченный орган).

      3. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищномфонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленным местными представительными органами, не более10 (десяти) процентов.

      4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      5. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в некомерческую акционерную общества "Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал).

Глава 2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      6. Жилищная помощь назначается и оказывается на текущий квартал, независимо от времени предоставления документов в квартале обращения.

      7. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) через веб-портал "электронного правительства" или Государственную корпорацию представляет заявление по форме согласно приложению 1 к правилам и документы согласно пункту 8 перечня основных требований к оказанию государственной услуги приложения 2 к Правилам.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается. Сведения о наличии или отсутствии жилища (по Республике Казахстан), принадлежащего им на праве собственности, услугодатель получает посредством информационных систем.

      8. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги по основаниям согласно пункту 9 Перечня основных требований к оказанию государственной услуги приложения 2 к Правилам.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      9. Получатели жилищной помощи извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер со дня их наступления.

      В случаях, когда получатель не известил об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.

      10. При назначении жилищной помощи в расчет принимается норма площади:

      1) на одного члена семьи – 18 квадратных метров полезной площади, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      2) для одиноко проживающих граждан постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которые находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан – 30 квадратных метров независимо от занимаемой площади, но не более фактической.

      11. Нормы потребления коммунальных услуг эквивалентны нормам отпуска коммунальных услуг, применяемых соответствующим уполномоченным органом.

      12.Тарифы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.

      13. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы:

      1) нормы потребление газа для приготовления пищи при наличии газовой плиты и центарльного горячего водоснабжения: семьям, проживающим в частном секторе, в многоквартирных жилых домах при использовании товарного газа для приготовления пищи – 10,0 кубических метров в месяц на одну семью, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм, семьям, проживающим в жилом доме с печным отоплением – 10 килограмм (1 маленький баллон) в месяц на одну семью;

      нормы потребления газа для отопления: семьям, проживающим в частном секторе, в многоквартирных жилых домах при использовании товарного газа – при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм 7,0 кубических метров на 1 кв.м.;

      2) нормы потребление электроэнергии: на 1-го человека – 70 киловатт, на 2-х человек – 140 киловатт, на 3-х человек – 210 киловатт, для семьи из 4-х и более человек - 250 киловатт;

      3) нормы на водоснабжение – на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм;

      4) канализация – на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм;

      5) вывоз твердых бытовых отходов – по предъявленным поставщиками счетам;

      6) для потребителей твердого топлива: на жилые дома с печным отоплением – шесть тонн угля на отопительный сезон, благоустроенные квартиры, использующие электроэнергию для отопления, стоимость шести тонн угля на отопительный сезон.

      При расчете стоимости твердого топлива учитывается средняя цена сложившаяся за предыдущий квартал в регионе.

      Расходы, принимаемые к расчету потребления коммунальных услуг, определяются по фактическим затратам за предыдущий квартал, но не более установленных нормативов потребления коммунальных услуг.

      Нормы расходов и их тарифы по водоснабжению, теплоснабжению, вывозу мусора, расходов на содержание жилья предоставляются поставщикам услуг.

Глава 3. Финансирование и выплата жилищной помощи

      14. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Кегенского района на соответствующий финансовый год.

      15. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, а также через организации, осуществляющие отдельные виды банковской деятельности путем перечисление начисленных сумм на лицевые счета получателя жилищной помощи. Выплата жилищной помощи будет производиться 25 числа последнего месяца квартала.