"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 тіркелген) 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы бойынша 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "23" сәуірдегі № 1983 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласы бойынша 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидия түрлері | Өлшем бірлігі | Балық өндіру көлемі | Субсидияланатын азық көлемі | Субсидия сомасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (жайын тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін) | килограмм | 115 079,37 | 138 095,2 | 29 000 000 |