Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы" бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 1234 қаулысына және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 18/164-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28880 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мен Шымкент қаласы мәслихатының шешімінің қосымшасы осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мен Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Құранбек | |
Шымкент қаласы | |
мәслихатының төрағасы | Б.Нарымбетов |
1. Шымкент қаласы Абай ауданының шекарасы
Абай ауданы Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Абай ауданының шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі Тұран ауданмен шектеседі.
Шекара Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігінен басталып, қаланың солтүстік шекарасымен магистралдық жолдан бастап Түркістан қаласы бағытында, ұзақтығы 8923,6 метр, Бәйдібек би даңғылының қиылысына (Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылына бағыт) дейін жетеді.
Одан әрі Бәйдібек би даңғылымен оңтүстік бағытта, ұзақтығы 10707,8 метр, "Бозарық-3", "Бозарық", "Тұран", "Шымкент Сити", "Қайтпас-1", "Нұрсәт" шағын аудандарының бойымен бұрылып, Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Ұ.Арғынбеков көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1439,7 метр, Қ.Қазиев көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Қ.Қазиев көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 863,8 метр, "Самал-2" шағын ауданының бойымен О.Малқаров көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі О.Малқаров көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1094,4 метр, Т.Өтегенов көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Т.Өтегенов көшесімен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 783,3 метр, Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Т.Рысқұлов көшесімен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2143,6 метр, Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Әл-Фараби көшесімен оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1246,4 метр, Темірлан тас жолының қиылысына дейін жетеді.
Темірлан тас жолы бойымен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 263,5 метр, Н.Табынбаев көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Н.Табынбаев көшесімен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1224,4 метр, Ю.Гагарин көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Ю.Гагарин көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 371,4 метр, "Қорғасын-1" және "Қорғасын-2" шағын аудандары бойымен К.Әсілбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
К.Әсілбеков көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 634,4 метр, арықты қиып өтіп, Ш.Ташбулатов көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Ш.Ташбулатов көшесімен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 55,1 метр, Қосдирмен көшесінің қиылысына дейін жетеді, осы көшенің жалғасымен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 371,2 метр, магистралды Қазақстан темір жолдың қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Қазақстан темір жолдың сол жақ бойымен солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, узақтығы 1806,2 метр, өте отырып, оңтүстік-батыс бағытына қарай Шардара көшесіне бұрылып, ұзақтығы 501,0 метр, жүріспен Гаражная көшесіне жетпей ұзақтығы 45,0 метрге оңтүстік бағытқа қарай, Бадам өзені арнасының осі бойымен солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 17678,2 метр, "Қорғасын-2" шағын ауданын, "Игілік" тұрғын алабын, "Жаңаталап" тұрғын алабының солтүстігінен айналып өтіп, Бадам өзенімен Жанкелді батыр көшесіне, одан әрі Үргінбай ата көшесінің қиылысына шыға отырып, жетеді.
Одан әрі қаланың солтүстік-батыс шекарасымен, ұзақтығы 32242,9 метр, "Алтынтөбе" тұрғын алабының солтүстігін айналып өтіп, Темірлан тас жолын Түркістан қаласына бағытпен кесіп өтеді, одан әрі қазіргі шекара бойымен Түркістан облысының Шұбарсу ауылына бағытпен трассаны қиып өтіп, Түркістан қаласына бағытпен магистралды жолға дейін шығады.
2. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының шекарасы
Әл-Фараби ауданы Шымкент қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Әл-Фараби ауданының батыс бөлігі Тұран ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Солтүстік-шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі. Шығыс бөлігі Еңбекші ауданымен шектеседі.
Шекара Қ.Рысқұлбеков және Мәделі қожа көшелерінің қиылысынан басталады.
Мәделі қожа көшесімен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2052,4 метр, Ж.Адырбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Ж.Адырбеков көшесінің бойымен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2452,7 метр, Ө.Жәнібеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Ө.Жәнібеков көшесімен Х.Пазиков көшесіне шыға отырып, ұзақтығы 2815,1 метр оңтүстік-шығысқа бұрылып, Көкбұлақ көшесінің қиылысына жетеді.
Көкбұлақ көшесімен оңтүстік батыс бағытқа бұрылып ұзақтығы 334,0 метр Жібек жолы даңғылының қиылысына дейін жетеді.
Жібек жолы даңғылымен оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1655,6 метр, Ж.Аймауытов көшесінің қиылысына дейін жетеді. Ж.Аймауытов көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 207,6 метр Ш.Уалиханов көшесінің қиылысына дейін жетеді. Ш.Уалиханов көшесімен оңтүстік-шығыс бағытымен ұзақтығы 393,1 метр Елшібек батыр көшесінің қиылысына жетеді.
Одан әрі Елшібек батыр көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2597,4 метр, Ақназар хан көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Ақназар хан көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 940 метр, Қапал батыр және Төле би көшелерінің қиылысына жетеді.
Төле би көшесімен ұзақтығы 317,8 метр батыс бағытқа бұрылып, Шымкент қаласының темір жол вокзалының бойымен ұзақтығы 2105,1 метр жүріп, Баян батыр көшесіне жетеді.
Баян батыр көшесімен ұзақтығы 1209,9 метр жүріп, Б.Саттарханов көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Б.Саттарханов көшесімен оңтүстік бағытта, ұзақтығы 354,9 метр, "Береке" және "Бадам-1" шағын аудандары арасынан өтіп, ұзақтығы 7701,9 метр, әрі қарай шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлердің бойымен "Жұлдыз" тұрғын алабының Қазығұрт көшесінің қиылысына дейін жетеді.
"Жұлдыз" тұрғын алабының Қазығұрт көшесінің қиылысынан оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 7222,8 метр, Түркістан облысы, Төлеби ауданының Әңгірата ауылына бағытталып, "Текесу" тұрғын алабының қиылысындағы қаланың оңтүстік шекарасына дейін жетеді.
"Текесу" тұрғын алабынан осы ауданның шекарасына сәйкес келетін, қаланың оңтүстік шекарасы бойымен, ұзақтығы 24915,8 метр, оңтүстік-батысқа бұрылып, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Рабат ауылы бағытындағы трассаның қиылысына дейін жетеді.
Қаланың оңтүстік шекарасына сәйкес келетін оңтүстік айналма жолдың қиылысынан, ұзақтығы 25265,4 метр, солтүстік бағытқа бұрылып, "Ақтас" шағын ауданын айналып өтіп, Ташкент - Шымкент трассасының жалғасы Республика даңғылымен Б.Момышұлы даңғылының қиылысына дейін жетеді.
Б.Момышұлы даңғылымен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 204,5 метр, Ғ.Иляев көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Ғ.Иляев көшесімен солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 245,5 метр, Қ.Рысқұлбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Қ.Рысқұлбеков көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1122,3 метр, Мәделі қожа көшесінің қиылысына дейін жетеді.
3. Шымкент қаласы Еңбекші ауданының шекарасы
Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Еңбекші ауданының батыс бөлігі Әл-Фараби ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі.
Шекара С.Жандосов көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысынан басталады.
Жібек жолы даңғылымен солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 5121,9 метр, К.Тленшин көшесінің қиылысына дейін жетеді. К.Тленшин көшесінен оңтүстік-шығыс бағытына ұзақтығы 593,8 метр темір жол қиылысына жетеді.
Одан әрі темір жол бойымен 4216,7 метр Әл-Фараби көшесімен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1693,7 метр, Сайрам өткелінің қиылысына дейін жетеді. Сайрам өткелінен оңтүстік батысқа бұрылып, ұзақтығы 1575,6 метр Әмір Темір көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Әмір Темір көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 130,8 метр, М.Мукуми көшесінің қиылысына дейін жетеді.
М.Мукуми көшесімен оңтүстік бағытта ұзақтығы 1120,7 метр Сайрамсу өзеніне дейін бұрылып, одан әрі өзенмен шығыс бағытта, ұзақтығы 19803,3 метр, шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлердің бойымен, "Тұрдыабад" және "Базарқақпа" тұрғын алаптарын айналып өтіп, Ю.Сареми көшесін қиып, одан әрі "Шапырашты" тұрғын алабын қаланың шығыс шекарасына дейін айналып өтеді.
Қаланың шығыс шекарасы бойымен оңтүстік-батыс бағытта, ұзақтығы 39505,3 метр, "Абдулабад" тұрғын алабындағы Озған ата көшесін Көксайек ауылы (Түркістан облысы Сайрам ауданы) бағытында "Елтай", "Маятас", "Тоғыс" тұрғын алаптарын, "Тоғыс" су қоймасын Түркістан облысы Төлеби ауданының Әңгірата ауылы бағытымен айналып өтіп, "Бадам" су қоймасына жетеді.
"Бадам" су қоймасынан қаланың оңтүстік шекарасы бойымен батыс бағытта, ұзақтығы 24397,7 метр, "Оңтүстік" шағын ауданын айналып өтіп, одан әрі солтүстік-батыс бағытта "Жұлдыз" тұрғын алабын айналып, Қазығұрт көшесіне дейін жетеді.
Одан әрі Қазығұрт көшесінің қиылысынан солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 7701,9 метр, шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлердің бойымен Д.Қонаев даңғылы мен Б.Саттарханов көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Б.Саттарханов көшесінің бойымен солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 354,9 метр жүріп, Баян батыр көшесімен 1209,9 метр жүріп өтіп, темір жолға тіреледі, әрі қарай темір жол бойымен 2105,1 метр жүріп, Төле би көшесіне дейін жетеді.
Толе би көшесімен солтүстік батысқа бұрылып, ұзақтығы 317,8 метр Ақназар хан көшесіне дейін жетеді. Ақназар хан көшесімен солтүстік-шығыс бағытта ұзақтығы 940,0 метр, Елшібек батыр көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Елшібек батыр көшесінің бойымен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2597,4 метр, Ш.Уалиханов көшесіне дейін жетеді. Ш.Уалиханов көшесімен солтүстік-батысқа бұрылып, ұзақтығы 393,1 метр Ж.Аймауытов көшесінің қиылысына дейін жетеді. Ж.Аймауытов көшесімен солтүстік-шығыс бағытымен ұзақтығы 207,6 метр жүріп Жібек жолы даңғылына дейін жетеді.
4. Шымкент қаласы Қаратау ауданының шекарасы
Қаратау ауданы Шымкент қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Қаратау ауданының батыс бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі Тұран ауданымен шектеседі. Оңтүстік-шығыс бөлігі Әл-Фараби және Еңбекші аудандарымен шектеседі.
Аудан шекарасы Бәйдібек би даңғылы мен Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысынан басталады.
Бәйдібек би даңғылымен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 10707,8 метр, қаланың "Нұрсәт", "Қайтпас-1", "Тұран", "Шымкент Сити", "Бозарық", "Бозарық-3" шағын аудандарының бойымен қаланың солтүстік шекарасына сәйкес келетін айналма автожолға (Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылына бағыт) жетеді.
Одан әрі қаланың солтүстік шекарасымен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 7288,1 метр, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізінің қиылысына дейін жетеді.
"Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізінің қиылысынан қаланың солтүстік-шығыс шекарасымен өтіп, "Береке" шағын ауданын, "Мәртөбе" тұрғын алабын айналып өтіп, ұзақтығы 8958,6 метр, Жібек жолы даңғылының (Шымкент-Алматы трассасы) қиылысына дейін жетеді.
Жібек жолы даңғылынан (Шымкент-Алматы трассасы), ұзақтығы 25786,7 метр, қаланың солтүстік-шығыс шекарасымен өтіп, "Қызылсу" тұрғын алабын (Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсукент ауылына бағыт), "Өтеміс" тұрғын алабын (Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылына бағыт), "Шапырашты" тұрғын алабын (Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарамұрт ауылына бағыт) айналып өтіп, "Сайрамсу" өзені арнасының қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Сайрам өзенінің арнасымен, ұзақтығы 20588,1 метр, батыс бағытқа бұрылып, "Шапырашты" тұрғын алабын айналып өтіп, Ю.Сареми көшесін, "Базарқақпа", "Тұрдыабад" тұрғын алаптарын қиып өтіп, әрі қарай солтүстік бағытта шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлердің бойымен М.Мукуми көшесінің қиылысына дейін жетеді.
М.Мукуми көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1120,7 метр, Әмір Темір көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Әмір Темір көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1706,4 метр, шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлерді айналып, Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Әл-Фараби көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1693,7 метр, темір жол қиылысына дейін жетеді.
Темір жол бойымен солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 4216,7 метр, К.Тленшин көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі К.Тленшин көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып ұзақтығы 593,8 метр, Жібек жолы даңғылының қиылысына дейін жетеді.
Жібек жолы даңғылымен, ұзақтығы 3466,3 метр, батыс бағытқа бұрылып, Көкбұлақ көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Көкбұлақ көшесімен солтүстік-батыс бағытқа бұрылып ұзақтығы 334,0 метр Х.Пазиков көшесінің қиылысына дейін жетеді. Одан әрі Х.Пазиков көшесімен Ө.Жәнібеков көшесіне шыға отырып, ұзақтығы 2815,1 метр, солтүстік-батыс бағытқа бұрылып, оның бойымен батыс бағытта С.Бәйтереков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі С.Бәйтереков көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 904,6 метр, Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Ұ.Арғынбеков көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1032,0 метр, Бәйдібек би даңғылының қиылысына дейін жетеді.
5. Шымкент қаласы Тұран ауданының шекарасы
Тұран ауданы Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Тұран ауданының шығыс бөлігі Әл-Фараби ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Солтүстік-шығыс бөлігі Қаратау ауданымен шектеседі.
Тұран ауданы қаланың солтүстік-батыс бөлігінен "Жаңаталап" тұрғын алабы Үргінбай ата және Жанкелді батыр көшелерінің қиылысынан басталады.
Одан әрі Жанкелді батыр көшесімен Бадам өзенінің арнасынан оңтүстік-шығыс бағытта, ұзақтығы 17678,2 метр, "Жаңаталап" тұрғын алабын, "Қорғасын-2" шағын ауданын солтүстікке қарай айналып, әрі қарай Шардара көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Шардара көшесімен солтүстік-шығыс бағытта, ұзақтығы 2307,2 метр, Қосдирмен көшесіне дейін жетеді. Қосдирмен көшесімен солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 371,2 метр, Ш.Ташпулатов көшесіне дейін жетеді. Ш.Ташпулатов көшесімен ұзақтығы 55,1 метр жүріп, К.Әсілбеков көшесіне жетеді.
Қ.Әсілбеков көшесімен ұзақтығы 634,4 метр "Қорғасын-2", "Қорғасын-1" шағын аудандарының бойымен Ю.Гагарин көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Ю.Гагарин көшесімен оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 371,4 метр, Н.Табынбаев көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Н.Табынбаев көшесімен солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1224,4 метр, Темірлан тас жолының қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Темірлан тас жолымен шығыс бағытта ұзақтығы 263,5 метр, Әл-Фараби көшесіне дейін жетеді.
Әл-Фараби көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1246,4 метр, Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін жетеді. Әрі қарай Т.Рысқұлов көшесімен 2143,6 метр, "Самал" базарын айналып өтіп, Т.Өтегенов көшесімен шығыс бағытқа ұзақтығы 738,3 метр О.Малқаров көшесінің қиылысына жетеді.
О.Малқаров көшесімен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1094,4 метр, Қ.Қазиев көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Қ.Қазиев көшесімен солтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 863,8 метр Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Ұ.Арғынбеков көшесімен шығыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2471,7 метр, С.Бәйтереков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі С.Бәйтереков көшесінің жалғасы Ж.Адырбеков көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 3357,3 метр, Мәделі қожа көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Мәделі қожа көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 2052,4 метр, Қ.Рысқұлбеков көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Қ.Рысқұлбеков көшесімен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 1122,3 метр, Ғ.Иляев көшесінің қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Ғ.Иляев көшесімен батыс бағытқа бұрылып, ұзақтығы 245,5 метр, Б.Момышұлы даңғылының қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі Б.Момышұлы даңғылымен оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 204,5 метр, Республика даңғылының қиылысына дейін жетеді.
Республика даңғылымен (Шымкент-Ташкент трассасының жалғасы) оңтүстік бағытқа бұрылып, ұзақтығы 12292,5 метр, "Ақтас" шағын ауданын айналып өтіп, қаланың оңтүстік шекарасына сәйкес келетін оңтүстік айналма автожолдың қиылысына дейін жетеді.
"Ақтас" шағын ауданын айналып өтіп, ұзақтығы 12972,9 метр, оңтүстік бағытқа бұрылып, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Рабат ауылы бағытындағы трассаға дейін жетеді, батысқа қарай қаланың оңтүстік шекарасына сәйкес келетін оңтүстік айналма автожолмен, ұзақтығы 9469,7 метр, Шымкент-Ташкент трассасының қиылысына дейін жетеді.
Қаланың оңтүстік-батыс шекарасы бойымен, ұзақтығы 23795,8 метр, Үштау көшесін қиып өтіп (Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылдала ауылы бағытындағы трассаның жалғасы), шаруа қожалығын жүргізуге арналған жерлер бойымен өтеді, "Айкөл" тұрғын алабын айналып өтіп, Ә.Бекболатов көшесінің қиылысына жетеді (Түркістан облысы Арыс ауданы Тоғансай ауылына баратын жолдың жалғасы).
Ә.Бекболатов көшесінің қиылысынан (Түркістан облысы Арыс ауданы Тоғансай ауылы бағытындағы трассаның жалғасы) қаланың батыс шекарасымен солтүстік бағытта, ұзақтығы 24158,5 метр, Бадам өзенінің бойымен Түркістан қаласына бағытталған темір жолдың қиылысына дейін жетеді.
Одан әрі темір жол бойымен Түркістан қаласына бағытпен шығыс бағытқа бұрылып, 2509,5 метр, Үргінбай ата көшесі мен Жанкелді батыр көшесінің қиылысындағы "Жаңаталап" тұрғын алабына дейін жетеді.