"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 3632 қаулысына қосымша |
2024-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласындағы спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топтар атауы | № | Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы | Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы | Ұлттық спорт түрлерінің атауы |
"А" тобы | 1 | Пауэрлифтинг | Байдарка мен каноэда есу | Фристайл акробатика | Волейболды отырып ойнау | Қазақ күресі |
2 | Комбат дзю-дзюцу | Нысана көздеу | Шорт-трек | Пара жеңіл атлетика | Тоғызқұмалақ | |
3 | Каратэ (WKF) | Стенд ату | Конькимен мәнерлеп сырғанау | Пара үстел теннисі | Жекпе-жек | |
4 | Кикбоксинг | Жеңіл атлетика | Пара жүзу | |||
5 | Унифайт | Бокс | Пара таеквондо | |||
6 | Қол күресі | Спорттық гимнастика | Голбол | |||
7 | Панкратион | Дзюдо | Пара қол күрес | |||
8 | Таеквон-до ITF | Жүзу | ||||
9 | Дойбы | Үстел теннисі | ||||
10 | Шахмат | Еркін күрес | ||||
11 | Шағын футбол | Грек-рим күресі | ||||
12 | Джиу-джитсу | Ауыр атлетика | ||||
13 | Белбеу күрес | Классикалық волейбол | ||||
14 | Сурдо күрес (грек-рим ж/е еркін күрес) | Таеквандо WTF | ||||
15 | Сурдо жүзу | Бадминтон | ||||
16 | Арбадағы би (паралимпиадалық емес) | Баскетбол | ||||
17 | Көркем гимнастика | |||||
"В" тобы | 1 | Ушу | Футбол | Шайбалы хоккей | Асық ату | |
2 | Киокушинкай-кан каратэ | Қол добы | Көкпар | |||
3 | Грэпплинг (AIGA нұсқасы) | Спорттық құзға өрмелеу | Тенге ілу | |||
4 | Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА) | Садақ ату | Аударыспақ | |||
5 | Спорттық самбо және жауынгерлік самбо | Батуттық гимнастика | ||||
6 | Таеквондо GTF | Теннис | ||||
7 | Өрт сөндіру және өрттен құтқару спорты | Семсерлесу | ||||
8 | Жағажай футболы | Әйелдер футболы | ||||
9 | Каратэ-до шотокан | Әйелдер күресі | ||||
10 | Грэпплинг UWW | Триатлон | ||||
11 | Сурдо үстел теннисі | |||||
12 | Сурдо дзюдо | |||||
13 | Сурдо шағын футбол | |||||
14 | Сурдо жеңіл атлетика | |||||
15 | Сурдо футбол | |||||
"С" тобы | 1 | Президенттік көпсайыс (Полиатлон) | Баскетбол 3х3 | Жамбы ату | ||
2 | Пенчак силат | Велосипед спорты (трек, тас жол, муайтинбайк) | ||||
3 | Муайтай (муай, тай боксы) | Көгалдағы хоккей | ||||
4 | Футзал | Регби | ||||
5 | Эстетикалық топтық гимнастика | Жағажай волейболы |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
WKF - World Karate Federation (Дүниежүзілік карате федерациясы);
ITF - International Taekwondo Federation (Халықаралық таеквондо федерациясы);
AIGA - Amateur International Grappling Association (Аматэо Интернейшнал Грэпплинг Ассошейшн)
ММА - Mixed Martial Arts (Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері);
GTF - Global Taekwondo Federation (Ғаламдық таеквондо федерациясы);
UWW - United World Wrestling (Бірлескен күрес әлемі);
WTF - World Taekwondo Federation (Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы).