Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы мәслихатының "Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/15-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 46-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесінің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларында белгіленген көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
К. Сулейменов |