"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2024 жылға арналған Абай облысы бойынша акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы әкімі | |
Н. Уранхаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
Министрлігі
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 216 Қаулысына қосымша |
2024 жылға арналған Абай облысы бойынша акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы, теңге | |
1. | Балық азықтарын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | ||||
1.1 | тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | отандық өндірістің азықтары үшін | кг | 3934,28 | 413 099 |
шетелдік өндірістің азықтары үшін | кг | 1448 | 304 080 | ||
2. | Балық өсіру материалын сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | ||||
2.1 | тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсіл) | мың дана | 4167 | 250 000 | |
2.2 | тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шабақ 30 граммға дейін) | 311 | 4 663 789 | ||
3. | Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу үшін шығыстарын өтеуге субсидиялар | бірлік | 7 | 1 640 318 | |
4. | Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау үшiн шығыстарын өтеуге субсидиялар | ||||
4.1 | тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | дана | 313 | 3 128 714 | |
Жиыны: | 10 400 000 |