Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының "Семей қаласының округтері мен кенттерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы № 26/162-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-2-178 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы | |
Д. Шакаримов |