ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01 2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, "Курчатов қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-3-45 болып тіркелген) Курчатов қалалық мәслихатының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 35/216-ІІІ шешіміне сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда, бекітілген аймақтарға бөлу сызбасы бойынша елді мекен жерлерінде Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 аймақ бойынша - 50% -ға арттырылсын;
2 аймақ бойынша - 50% -ға арттырылсын;
3 аймақ бойынша - 50% -ға арттырылсын;
4 аймақ бойынша - 50% -ға арттырылсын;
5 аймақ бойынша - 40% -ға арттырылсын;
6 аймақ бойынша - 40% -ға арттырылсын;
7 аймақ бойынша - 40% -ға арттырылсын;
8 аймақ бойынша - 40% -ға арттырылсын;
9 аймақ бойынша - 30% -ға арттырылсын;
10 аймақ бойынша - 30% -ға арттырылсын;
11 аймақ бойынша - 30% -ға арттырылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | |
Г. Хусайнова |