Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2-тармағына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Аягөз қаласы бойынша бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы" Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №8/69-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4870 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | |
А. Ибрайшин |