Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 11 қарашадағы № 9/114-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25232 болып тіркелген) шешіміне мынандай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 12 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі";
көрсетілген шешімнің қосымшасы мынадай редакциядағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Жарма ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.
Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | |
М. Оспанбаев |