Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 206 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 қыркүйекте № 342-18 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 7 - қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 489 Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4733 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үржар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар ауданының әкімі
      А. Башимбаев

  Үржар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 206 қаулысына
1 - қосымша

Абай облысы Үржар ауданының Тасарық ауылында тұратын балаларды Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімі "М. Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы

     



  Үржар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 206 қаулысына
2 - қосымша

Абай облысы Үржар ауданының Амангелді ауылында тұратын балаларды Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімі "Жанай орта мектеп - бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы

     



  Үржар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 206 қаулысына
3 - қосымша

Абай облысы Үржар ауданының Малақ ауылында тұратын балаларды Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімі "Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы

     



  Үржар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 206 қаулысына
4 - қосымша

Абай облысы Үржар ауданының Қарамойыл ауылында тұратын балаларды Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімі "Б. Тұрлыханов атындағы орта мектеп - бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы

     



  Үржар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 206 қаулысына
5 - қосымша

Абай облысы Үржар ауданының Текебұлақ ауылында тұратын балаларды Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімі "Алтыншоқы орта мектеп - бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы

     



  Үржар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 206 қаулысына
6 - қосымша

Абай облысы Үржар ауданының Абай ауылында тұратын балаларды Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімі "Қарақол орта мектеп - бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тасымалдаудың схемасы

     



  Үржар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 206 қаулысына
7 - қосымша

Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген), "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

      2. Балаларды тасымалдау Тәртіптің талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбiр балаға отыратын жеке орын берiле отырып жүзеге асырылады.

      3. Балаларды тасымалдауға тасымалдаудың тиісті түрін жүзеге асыруға жарамды және техникалық регламенттердің талаптарына сай жауап беретін автокөлік құралдары бар тасымалдаушылар жіберіледі.

      4. Балаларды тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына жауап беретін жүргізушілерге рұқсат беріледі.

      5. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары "Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелген) бекітілген Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына жауап беруге тиіс.

      6. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 22066 болып тіркелген) бекітілген "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келеді, сондай-ақ:

      1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау" деген айыратын белгiмен;

      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

      4) "Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелген) бекітілген Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек дәрі қобдишаларымен (автомобильді);

      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

      6) авариялық тоқтау белгiсiмен жабдықталуы тиіс.

      7. Балаларды тасымалдау үшін пайдаланатын автобустарда, шағын автобустарда мыналар болуы тиіс:

      1) ешқандай кедергісіз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есіктері мен авариялық люктер. Есіктерде өткір немесе олардың бетінен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиіс;

      2) жабық жай-күйде жүргізушінің кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуін толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;

      3) берік бекітілген тұтқалар және отырғыштар;

      4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

      5) тегіс, шығыңқы жерлері немесе бекітілмеген бөлшектері жоқ баспалдақтары мен салонның едені.

      Салон еденінің жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиіс;

      6) шаңнан, кірден, бояудан және олар арқылы көруді төмендететін өзге де заттардан тазартылған терезелердің мөлдір шынылары;

      7) жылдың суық мезгілінде жылытылатын және ыстық мезгілінде желдетілетін, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.

      8. Автокөлік құралдарын пайдалануға автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын ұсынған кезде ғана рұқсат етiледi

3-тарау. Балаларды тасымалдау тәртібі

      9. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

      10. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.

      Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлауы тиiс, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.

      11. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.

      Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.

      Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.

      12. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс берушi балаларды отырғызу және түсiру орындарының жай-күйiн тұрақты түрде (айына кемiнде бiр рет) тексередi.

      13. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:

      1) сағатына 60 километрден артық жылдамдықпен жүруге;

      2) жүру маршрутын өзгертуге;

      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

      5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

      6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

      7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.

      14. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын белгiлеуге жол берiледi).

      15. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.

      Нұсқаманың өткiзiлуi туралы белгi және нұсқама алған тұлғаның қолы нұсқаманы есепке алу туралы арнайы журналға қойылады. Iлесiп жүрушiлер нұсқаманы өтпесе, автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды.

      16. Нұсқаманы өту кезiнде мынадай тәртiп егжей-тегжейлi сипатталады:

      1) автобустардың отырғызу орындарына берiлуi, балаларды отырғызу және түсiру ережелерi;

      2) автобуста қол жүгiн орналастыру және багажды тасымалдау;

      3) автобус салонында болғанда, балалардың жиналу, отырғызу және түсiру орындарында өздерiн ұстауы;

      4) iлесiп жүрушiлердiң жүргiзушiмен өзара iс-қимылы;

      5) салондағы жабдықтарды: желдеткiш люктердi, аялдауды талап ету сигналдарын, желдеткiштердi пайдалану;

      6) автобустың аялдауы кезiнде балаларды бақылау.

      17. Нұсқаманы өткiзу кезiнде төтенше жағдайлармен байланысты мәселелер (мәжбүрлi аялдау, автобустың сынуы, ЖКО, терроршылардың автобусты басып алуы) қосымша, соның iшiнде:

      1) жолаушыларды эвакуациялау тәртiбi;

      2) автобустан апаттық шығуларды пайдалану және құрылғыларды қолдану, оларды iске келтiру тәртiбi;

      3) өрт сөндiргiштердi, алғашқы көмек көрсету дәрi қобдишасын пайдалану ережелерi көрсетіледі.

      18. Балаларды жаппай тасымалдау кезiнде тапсырыс берушi iлесiп жүрушiлерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелерi бойынша нұсқаманы медициналық қызметкердiң жүргiзуiн қамтамасыз етедi.

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Урджарского района области Абай

Постановление акимата Урджарского района области Абай от 6 сентября 2024 года № 206. Зарегистрировано Департаментом юстиции области Абай 30 сентября 2024 года № 342-18

      В соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11550), акимат Урджарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Урджарского района области Абай согласно приложениям 1, 2, 3, 4, 5, 6 к настоящему постановлению.

      2. Утвердить порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Урджарского района области Абай согласно приложению 7 к настоящему постановлению.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата Урджарского района Восточно-Казахстанской области от 28 сентября 2016 года № 489 "Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Урджарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4733).

      4. Контроль по исполнению настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Урджарского района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Урджарского района
      А. Башимбаев

  Приложение 1 к постановлению
акимата Урджарского района
от 6 сентября 2024 года
№ 206

Схема перевозки в Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени М. Ауэзова" Отдела образования Урджарского района управления образования области Абай детей, проживающих в селе Тасарык Урджарского района области Абай

     



  Приложение 2 к постановлению
акимата Урджарского района
от 6 сентября 2024 года
№ 206

Схема перевозки в Коммунальное государственное учреждение "Жанайская средняя школа - сад" Отдела образования Урджарского района управления образования области Абай детей, проживающих в селе Амангельды Урджарского района области Абай

     



  Приложение 3 к постановлению
акимата Урджарского района
от 6 сентября 2024 года
№ 206

Схема перевозки в Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа имени Койшыбая Толеубекова" Отдела образования Урджарского района управления образования области Абай детей, проживающих в селе Малак Урджарского района области Абай

     



  Приложение 4 к постановлению
акимата Урджарского района
от 6 сентября 2024 года
№ 206

Схема перевозки в Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа – сад имени Б. Турлыханова" Отдела образования Урджарского района управления образования области Абай детей, проживающих в селе Карамойыл Урджарского района области Абай

     



  Приложение 5 к постановлению
акимата Урджарского района
от 6 сентября 2024 года
№ 206

Схема перевозки в Коммунальное государственное учреждение "Алтыншокинская средняя школа - сад" Отдела образования Урджарского района управления образования области Абай детей, проживающих в селе Текебулак Урджарского района области Абай

     



  Приложение 6 к постановлению
акимата Урджарского района
от 6 сентября 2024 года
№ 206

Схема перевозки в Коммунальное государственное учреждение "Каракольская средняя школа - сад" Отдела образования Урджарского района управления образования области Абай детей, проживающих в селе Абай Урджарского района области Абай

     



  Приложение 7 к постановлению
акимата Урджарского района
от 6 сентября 2024 года
№ 206

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Урджарского района области Абай

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Урджарского района области Абай (далее - Порядок) разработан в соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте", приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11550), приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 534 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33003) и определяет порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Урджарского района области Абай.

Глава 2. Требования, предъявляемые к перевозчикам и автотранспортным средствам

      2. Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с требованиями Порядка и с предоставлением каждому ребенку отдельного места для сидения.

      3. К перевозкам детей допускаются перевозчики, имеющие автотранспортные средства, пригодные к осуществлению соответствующего вида перевозок и отвечающие требованиям технических регламентов.

      4. Для перевозки детей допускаются водители, отвечающие требованиям законодательства Республики Казахстан.

      5. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям Правил технической эксплуатации автотранспортных средств, утвержденным приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 547 "Об утверждении правил технической эксплуатации автотранспортных средств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12221).

      6. Автобусы, предназначенные для перевозки детей имеют не менее двух дверей и соответствуют Санитарным правилам "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов", утвержденным приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2021 года № ҚР ДСМ-5 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к транспортным средствам для перевозки пассажиров и грузов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22066), а также оборудуются:

      1) опознавательными знаками "Перевозка детей", которые устанавливаются спереди и сзади автобуса;

      2) проблесковым маячком желтого цвета;

      3) двумя легкосъемными огнетушителями емкостью не менее двух литров каждый (один – в кабине водителя, другой – в пассажирском салоне автобуса);

      4) двумя аптечками первой помощи (автомобильными) с лекарственными средствами и изделиями медицинского назначения согласно Перечню лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи, утвержденному приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 368 "Об утверждении перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения автомобильных аптечек первой медицинской помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9649);

      5) двумя противооткатными упорами;

      6) знаком аварийной остановки.

      7. Автобусы, микроавтобусы, используемые для перевозки детей, должны иметь:

      1) двери пассажирского салона и аварийные люки, открывающиеся и закрывающиеся без каких-либо помех. Двери не должны иметь острых или далеко отстоящих от их поверхности выступов;

      2) крышу, аварийные люки и окна, которые в закрытом состоянии полностью предотвращают попадание атмосферных осадков в кабину водителя и пассажирский салон;

      3) прочно закрепленные поручни и сидения;

      4) чистые и без порывов обшивки сидений и спинок кресел для пассажиров;

      5) ровные, без выступающих или незакрепленных деталей, подножки и пол салона.

      Покрытие пола салона выполняется из сплошного материала без порывов;

      6) прозрачные стекла окон, очищенные от пыли, грязи, краски и иных предметов, снижающих видимость через них;

      7) пассажирский салон, отапливаемый в холодное и вентилируемый в жаркое время года, не загроможденный инструментом и запасными частями.

      8. Эксплуатация автотранспортных средств допускается при предоставлении договоров обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев автотранспортных средств, договоров обязательного страхования гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами.

Глава 3. Порядок перевозок детей

      9. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.

      10. Расписание движения автобусов согласовывается перевозчиком и заказчиком.

      При неблагоприятных изменениях дорожных условий, при иных обстоятельствах (ограничение движения, появление временных препятствий, при которых водитель не может ехать в соответствии с расписанием не повышая скорости), расписание корректируется в сторону снижения скорости (увеличения времени движения). Об изменении расписания перевозчик оповещает заказчика, который принимает меры по своевременному оповещению детей.

      11. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.

      Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.

      В осеннее-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.

      12. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.

      13. Водителю автобуса при перевозке детей не позволяется:

      1) следовать со скоростью более 60 километров в час;

      2) изменять маршрут следования;

      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз, багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;

      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;

      5) при следовании в автомобильной колонне производить обгон впереди идущего автобуса;

      6) осуществлять движение автобуса задним ходом;

      7) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя.

      14. На каждый автобус, осуществляющий перевозку детей, заказчик назначает ответственных лиц из числа сотрудников организации – заказчика или родителей, которые сопровождают детей до места их назначения (при осуществлении регулярных перевозок детей в школу, иные учебные заведения допускается назначать ответственными учащихся старших классов, прошедших специальный инструктаж для сопровождающих).

      15. Инструктаж проводит лицо, ответственное за обеспечение безопасности дорожного движения или эксплуатацию транспортных средств, принадлежащих перевозчику.

      Отметки о проведении инструктажа и роспись лиц, прошедших инструктаж, фиксируются в специальном журнале учета инструктажей. Без прохождения сопровождающими инструктажа автобусы заказчику не предоставляются.

      16. При проведении инструктажей детально описывается порядок:

      1) подачи автобусов к месту посадки, правила посадки и высадки детей;

      2) размещения в автобусе ручной клади и перевозки багажа;

      3) поведения детей в местах сбора, посадки и высадки, при нахождении в салоне автобуса;

      4) взаимодействия сопровождающего с водителем;

      5) пользования оборудованием салона: вентиляционными люками, сигналами требования остановки, форточками;

      6) контроля за детьми при остановках автобуса.

      17. При проведении инструктажа дополнительно отражаются вопросы, связанные с чрезвычайными обстоятельствами (вынужденная остановка, поломка автобуса, ДТП, захват автобуса террористами), в том числе:

      1) порядок эвакуации пассажиров;

      2) порядок использования аварийных выходов из автобуса и пользования устройствами приведения их в действие;

      3) правила пользования огнетушителями, аптечкой первой помощи.

      18. При массовых перевозках детей заказчик обеспечивает проведение медицинским работником инструктажа сопровождающих по вопросам оказания первой медицинской помощи.