"Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 7-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі № 19-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 11 қыркүйекте № 5231-08 болып тіркелді

      Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қалалық мәслихатының "Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 7-6 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5082 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2 тармағы 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".

      қазақ тілінде 5 тармақтың мәтінінде "Азаматтардың мұқтаждар санаттарына" деген сөздері алып тасталсын, ал орыс тілінде мәтіні өзгермейді.

      9 тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына – 50000 (елу мың) теңге мөлшерінен кем емес;".

      9 тармақтың жиырма бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 50000 (елу мың) теңге мөлшерінен кем емес;".

      9 тармақтың отыз тоғызыншы абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінен кем емес.".

      10 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік көмек жылына бір рет өтініштері бойынша:

      Азаматқа (отбасына) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 20 (жиырма еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіштен көп емес арнайы комиссия қорытындысы негізінде.

      Әлеуметтік көмекке жүгіну табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан туындаған сәттен бастап 6 (алты) ай мерзімде жүргізіледі.

      қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, жылына бір рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға, босатылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде, табысы 3 (үш еселенген) күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

      өмірлік қиын жағдай туындаған тұлғаларға, жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтындарға табысы 1 (бір еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, еңбек ардагерлеріне, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында санаторийлік-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу үшін жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш еселенген) деңгейінен аспайтын, санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, жылына бір рет, жол шығыны төлемінсіз 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілеріне немесе күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушыларға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда), жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 (үш еселенген) деңгейінен аспайтын жағдайда, жол шығыны төлемінсіз, санаторийлік-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру кепілдік берілген соманың 70% (жетпіс пайызы) мөлшерінде өтейді.

      Әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші растайтын құжаттарымен уәкілетті органға жүгінеді. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, санаторийлік-курорттық емделудің аяқталған күнінен 3 (үш) айдан кешіктірілмей.

      тұрғын үйді газдандыруға бір рет әлеуметтік көмек:

      жалғызілікті жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын, жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспағанда, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда.

      Әлеуметтік көмектің көлемі бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

      Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығындарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт, көрсетілген қызмет актісі, газдандыру бойынша шығын сметасы) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.

      Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, газдандыру бойынша жұмыстары аяқталған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей.

      Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы 5 (бес еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы 5 (бес еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      нашар көретін екінші топ мүгедектігі бар адамдарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар балалар, интернаттық білім беру ұйымдарда тәрбиеленетін және (немесе) білім алатын мүгедектігі бар балалар, білім беру кезеңінде кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында жатқан балаларға білім алу кезеңінде қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем бойынша шығындарын өтеуге отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселенген) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      14 тармақтан "Аумақтық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді." деген сөздер алынып тасталсын.

      19 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - КММ) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар негізінде, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі немесе көрсетуден бас тарту туралы арнайы комиссияның шешімдерін қабылдайды.

      Осы Үлгілік қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмекті төлейді.".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихатының төрағасы К. Олжабай

О внесении изменений в решение Таразского городского маслихата от 15 сентября 2023 года № 7-6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз"

Решение Таразского городского маслихата Жамбылской области от 6 сентября 2024 года № 19-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области от 11 сентября 2024 года № 5231-08

      Таразский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Таразского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз" от 15 сентября 2023 года № 7-6 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативно-правовых актов № 5082) следующее изменение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз, утвержденных указанным решением:

      пункт 2 подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;".

      в пункте 5 внесены изменения в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется.

      второй абзац пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "семьям военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями – в размере не менее 50000 (пятьдесят) тысяч тенге;".

      двадцать пятый абзац пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия - в размере не менее 50000 (пятьдесят) тысяч тенге;".

      тридцать девятый абзац пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "жертвам политических репрессий за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" – в размере не менее 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге.".

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Социальная помощь оказывается один раз в год по обращениям:

      Гражданину (семье), в случае причинении ущерба либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара в размере не более 300 (трехсот) месячных расчетных показателей при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает 20 (двадцатикратного) размера прожиточного минимума, на основании заключения специальной комиссии.

      Срок обращения за социальной помощью осуществляется в течение 6 (шести) месяцев с момента наступления стихийного бедствия или пожара.

      лицам, со злокачественными новообразованиями, в размере 25 (двадцати пяти) месячных расчетных показателей при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает 3 (трехкратного) размера прожиточного минимума;

      лицам, освобожденным из мест лишения свободы, состоящим на учете службы пробации, в течение 3 (трех) месяцев со дня освобождения, в размере 15 (пятнадцати) месячного расчетного показателя при условии, что доход не превышает 3 (трехкратного) прожиточных минимумов;

      лицам, находящимся в трудной жизненной ситуации, неспособным к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом в размере 15 (пятнадцати) месячных расчетных показателей при условии, что доход не превышает 1 (однократного) уровня прожиточного минимума;

      ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам боевых действий на территории других государств, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам труда, пенсионерам, вышедшим на пенсию по возрасту, в случае отсутствия в индивидуальной программы абилитации и реабилитации лица с инвалидностью санаторно-курортного лечения, возмещение затрат на санаторно-курортное лечение без оплаты расходов на проезд, на территорий Республики Казахстан при предоставлении документов, подтверждающих затраты на санаторно-курортное лечение, один раз в год при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает 3 (трехкратного) уровня прожиточного минимума, в размере 45 (сорока пяти) месячного расчетного показателя;

      лицам, сопровождающим лиц с инвалидностью первой группы, имеющих в индивидуальной программе абилитации и реабилитации мероприятие по предоставлению социальных услуг индивидуального помощника (за исключением лиц с инвалидностью, получивших трудовое увечье или профессиональное заболевание по вине работодателя) получателю пособия, осуществляющему уход лицу с инвалидностью первой группы, возмещение затрат на санаторно-курортное лечение без оплаты расходов на проезд, в размере 70% (семидесяти процентов) от гарантированной суммы, при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает 3 (трехкратного) уровня прожиточного минимума.

      Для получения социальной помощи заявитель обращается в уполномоченный орган с подтверждающими документами. Срок для обращения за единовременной социальной помощью составляет не позднее 3 (трех) месяцев, со дня завершения санаторно-курортного лечения.

      единовременная социальная помощь на газификацию жилья:

      одиноко проживающим пенсионерам по возрасту, лицам, имеющим инвалидность, семьям, имеющим или воспитывающим детей с инвалидностью, являющимся частными собственниками или членами семьи частного собственника, проживающим в местном частном жилище, где среднедушевой доход семьи не превышает 3 (трехкратного) прожиточного минимума, в случае отсутствия у них и членов семьи другого жилища.

      Объем социальной помощи определяется на основании фактических затрат заявителя, связанных с установкой и проведением газопровода, не превышающего 100 (сто) месячных расчетных показателей один раз.

      Для получения социальной помощи заявитель обращается в уполномоченный орган и дополнительно к перечню документов, предусмотренных пунктом 13 Типовых правил, прилагает акт и/или документ, подтверждающий расходы, связанные с установкой и проведением газопровода (копии чеков, квитанций, договор на оказание услуг, акт выполненных работ, смета расходов по газификации) и справка об отсутствии (наличии) зарегистрированного права на недвижимое имущество.

      Срок для обращения за единовременной социальной помощью составляет не позднее 3 (трех) месяцев, со дня завершения работ по газификации.

      Ежемесячная социальная помощь предоставляется:

      социальная помощь родителям или законным представителям детей, лицам, больным с заболеванием туберкулез, в период амбулаторного лечения, ежемесячно в размере 15 (пятнадцати) месячного расчетного показателя при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает 5 (пятикратного) прожиточного минимума;

      социальная помощь родителям или законным представителям детей, инфицированных вирусным иммунодефицитом человека (ВИЧ), состоящих на диспансерном учете, или детям с ВИЧ, в размере 30 (тридцати) месячных расчетных показателей ежемесячно при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает 5 (пятикратный) размер прожиточного минимума;

      слабовидящим лицам с инвалидностью второй группы, детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, детям с инвалидностью и воспитывающимся и (или) обучающимся в специализованных интернатных организациях образования, детям, находящимся в центрах временной изоляции, адаптации и реабилитации несовершеннолетних в период получения образования для компенсации расходов по оплате проезда на маршрутах городского пассажирского транспорта предоставляется в размере 1 (одного) месячного расчетного показателя, при условии, что среднедушевой доход семьи не превышает 3 (трехкратного) прожиточного минимума.".

      в пункте 14 слова "Аким территориального округа в течение 2 (два) рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи." исключить.

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "Коммунальное государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Тараз" (далее - КГУ) в течение 8 (восемь) рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи на основании принятых документов принимает решения специальной комиссии о необходимости оказании либо отказе в оказании социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих Типовых правил, КГУ "Отдел занятости и социальных программ акимата города Тараз" в течение 20 (двадцать) рабочих дней со дня принятия документов производит выплату социальной помощи.".

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Таразского городского маслихата К. Олжабай