Байзақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 22-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 сәуірде № 5193-08 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Байзақ ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байзақ ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат төрағасы Б. Акбаев

  Байзақ аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 29 наурыздағы № 22-5
  шешіміне 1 қосымша

Байзақ ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Байзақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Байзақ ауданында тұратын және тіркелген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 10 (он) пайыз мөлшерiнде айқындалды.

      3. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін – күтіп ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қағидада айқындалатын тәртіппен есептейді.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Мемлекттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      банктік шоты;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      2) "электрондық үкімет" веб порталға:

      мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

      балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      банктік шотының электрондық көшірмесі;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушы қайта өтініш берген кезде өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығындардың шоттарын ғана ұсынады.

      6. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      8. Көрсетілетін қызметті алушыға түрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормалары бір айға:

      жеке басты азаматтар үшін – 30 (отыз) шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      екі және одан көп адамнан тұратын отбасының әрбір мүшесіне – 18 (он сегіз) шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңнан артық емес.

      Егер шығыстарға арналған нормативтер мен тарифтер заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалмаса, шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.

      9. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуниация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызмет алушы он жұмыс күні iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда көрсетілетін қызмет берушіге хабарлайды.

      Көрсетілетін қызмет алушы көмектің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етпеген жағдайда, көмек мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ ол тағайындалған күннен ерте емес, ал егер көрсетілетін қызмет алушы көмек тағайындалғанын анықтаған жағдайда қайта есептеледі, ал көрсетілетін қызмет алушы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге, адамға (отбасына) тұрғын үй көмегін төлеуге алып келген жалған мәліметтерді және (немесе) сенімсіз құжаттарды ұсынған жағдайда тоқтатылады.

      Көрсетілетін қызмет алушылар заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына жауапты.

      Тұрғын үй көмегінің артық немесе негізсіз алынған сомаларын көрсетілетін қызмет алушы ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтаруға тиіс.

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызмет алушыға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асрылады.

      12. Көрсетілетін қызмет алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызмет беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызмет алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

  Байзақ аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 29 наурыздағы № 22-5
  шешіміне 2 қосымша

Байзақ аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдердің тізбесі

      1. "Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 67-14 шешімі (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 болып тіркелген).

      2. "Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 67-14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл облысы Байзақ ауданы мәслихатының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 71-5 шешімі (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 болып тіркелген).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байзакском районе

Решение Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 29 марта 2024 года № 22-5. Зарегистрированы Департаментом юстиции Жамбылской области 5 апреля 2024 года № 5193-08

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" и Приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763), Байзакский районый маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Байзакском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторых решении Байзакского районного маслихата, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого первого официального опубликования.

      Председатель Байзакского районного маслихата Б. Акбаев

  Приложение 1 к решению
  Байзакского районного маслихата
  от 29 марта 2024 года № 22-5

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байзакском районе

      1. Размер и порядок оказания жилищной помощи в Байзакском районе (далее - Порядок) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и Приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Байзакского района" (далее - услугодатель).

      Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее-услугополучатель) проживающим и зарегистрированным в Байзакском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленным местными представительными органами.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя устанавлен в размере 10 (десяти) процентов.

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      4. Совокупный доход услугополучателя претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке определяемом Правилам.

      5. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию или веб-портал "электронного правительства".

      Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги.

      1) в Государственную корпорацию:

      заявление по форме согласно приложению 1 к Правилам;

      документ, удостоверяющий личность, либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации личности);

      документы, подтверждающие доходы семьи (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      справка с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      сведения об алиментах на детей и других иждивенцев;

      банковский счет;

      счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      счета на потребление коммунальных услуг;

      квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;

      счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;

      2) на веб-портал "электронного правительства":

      запрос в форме электронного документа, удостоверенный ЭЦП услугополучателя;

      электронная копия документов, подтверждающих доходы семьи;

      электронная копия справки с места работы либо справка о регистрации в качестве безработного лица;

      электронная копия сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      электронная копия банковского счета;

      электронную копию счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      электронную копию счета на потребление коммунальных услуг;

      электронную копию квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копию договора на оказание услуг связи;

      электронную копию счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      При повторном обращении услогополучатель представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходов за истекщий квартал перед обращением.

      6. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного пакета документов от Государственной корпорации, либо веб-портал "электронного правительство" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      7. Основания для отказа в оказании государственной услуги:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным в настоящих Правилах;

      3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной услуги;

      4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучательлишен специального права, связанного с получением государственной услуги.

      8. Назначение жилищной помощи услугополучателям производится в соответствии с нижеследующими нормами потребления:

      Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными мерами на один месяц:

      для одиноких граждан – 30 (тридцать) квадратных метров, но не более размера фактически занимаемой площади;

      для семьи из двух более человек– 18 (воеснадцать) квадратных метров на каждого члена семьи, но не более фактически занимаемой площади.

      Если нормативы и тарифы на расходы не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам.

      9. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации осущестляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан "Об определении размеров и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам".

      10. Услугополучатели в течение десяти дней информируют услугодателем о любых изменениях формы собственности жилья, состава семьи, совокупного дохода и других факторах, влияющих на размер жилищной помощи, а также о случаях неверного начисления жилищной помощи.

      При несвоевременном извещении услугополучателем об обстоятельствах, влияющих на размер жилищной помощи, размер помощи пересчитывается с момента наступления указанных обстоятельств, но не ранее дня ее назначения, а в случае выявления представления услугополучателем ложных сведений и (или) недостоверных документов, повлекших за собой незаконное назначение и (или) выплату жилищной помощи, выплата жилищной помощи лицу (семье) прекращается.

      Услугополучатели несут ответственность за достоверность представленных сведений в установленном законодательством порядке.

      Излишние или необоснованно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату услугополучателем в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.

      11. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год услугополучателям.

      12. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета услугополучателю.

  Приложение 2 к решению
  Байзакского районного маслихата
  от 29 марта 2024 года № 22-5

Перечень утративших силу некоторых решений Байзакского районного маслихата

      1. Решение Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 24 июня 2020 года № 117 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Байзакского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативно правовых актов за номером 4643)

      2. Решение Байзакский районнный маслихата Жамбылской области от 25.08.2020 года № 71-5 "О внесении изменений в решение Байзакского районного маслихата от 24 июня № 67-14 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Байзаксгого района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативно правовых актов за номером 4726).