"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.
2. Жамбыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 10-2 "Жамбыл ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5116-08 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы | М. Шайдаев |