Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сарысу ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі №27-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2223 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сарысу аудандық | |
мәслихат төрағасы | Ш. Мусабеков |