"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Талас ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" алас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 35-10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2288 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
2. "Талас ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі № 35 - 10 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №40-10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2462 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талас аудандық | |
мәслихатының төрағасы | К. Садубаев |