"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлерін арттыру туралы" Шу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 наурыздағы № 3-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4908 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданының | |
мәслихат төрағасы | Ж. Абенов |