Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлытау облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

Ұлытау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 19/169 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 қыркүйекте № 147-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлытау облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсынылсын.

      Медициналық көмек алуға жіберілетін азаматқа және дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімінде сүйемелдеу бойынша ұсынымы бар болған жағдайда, оны сүйемелдейтін тұлғаға (бір адамнан көп емес) теміржол көлігінде (екі жаққа да) жол жүру құнын төлеу жүзеге асырылады.

      2. Жол жүру құнын төлеу "Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне келесі ұсынылатын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

      1) пациенттің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      2) медициналық ұйымға стационарға және (немесе) күндізгі стационарға емдеуге жатқызуға жіберудің көшірмесі;

      3) емдеуші дәрігердің, бөлімше меңгерушісінің және бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасарының қолдарымен, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымының мөрімен куәландырылған клиникалық диагнозы көрсетілген амбулаториялық пациенттің медициналық карта немесе стационарлық науқастың медициналық карта үзіндісінің көшірмесі;

      4) сүйемелдейтін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (сүйемелдеу жағдайда);

      5) теміржол көлігіне жол жүру құжаты (билеті);

      6) банк шотының нөмірі.

      3. Ұлытау облыстық мәслихатының "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ұлытау облысында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы" 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 11/105 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан, зарегистрированным в области Ұлытау, за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования

Решение маслихата области Ұлытау от 18 сентября 2024 года № 19/169. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 23 сентября 2024 года № 147-20

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", маслихат области Ұлытау РЕШИЛ:

      1. Предоставить бесплатный проезд гражданам Республики Казахстан, зарегистрированным в области Ұлытау, за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования.

      Гражданину, направляемому на получение медицинской помощи, и сопровождающего его лицу (не более одного человека), при наличии рекомендаций по сопровождению в решении врачебно-консультативной комиссии, осуществляется оплата стоимости проезда на железнодорожном транспорте (в оба конца).

      2. Оплата стоимости проезда осуществляется на основании следующих документов, предоставляемых в государственное учреждение "Управление здравоохранения области Ұлытау":

      1) копия документа, удостоверяющего личность пациента, или свидетельства о рождении ребенка;

      2) копия направления в медицинскую организацию на госпитализацию в стационар и (или) в дневной стационар;

      3) копия выписки медицинской карты амбулаторного пациента или медицинской карты стационарного больного с указанием клинического диагноза, заверенной подписями лечащего врача, заведующего отделением и заместителя главного врача по лечебно-профилактической работе, а также печатью организации здравоохранения;

      4) копия документа, удостоверяющего личность сопровождающего (в случае сопровождения);

      5) проездной документ (билет) на железнодорожный транспорт;

      6) номер банковского счета.

      3. Признать утратившим силу решение маслихата области Ұлытау "О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан, зарегистрированным в области Ұлытау, за пределы населенного пункта постоянного проживания для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования" от 19 января 2024 года № 11/105 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 88-20).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата области Ұлытау Б. Шингисов