Жезқазған қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15/84 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 ақпанда № 94-20 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жезқазған қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 пайыздан 2 пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р. Капарова

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в городе Жезказган

Решение Жезказганского городского маслихата области Ұлытау от 13 февраля 2024 года № 15/84. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 16 февраля 2024 года № 94-20

      Примечание ИЗПИ!
      Настоящее решение вводится в действие с 01.01.2024.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Жезказганский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога, за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога в городе Жезказган с 4% на 2% по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Жезказганского городского маслихата Р. Капарова