Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының "Жезқазған қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 13 ақпандағы № 15/82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 92-20 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 2-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті шығарылған күні:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлеріне - 300 000 (үш жүз мың) теңге;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 50 000 (елу мың) теңге.";
3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға босатылғаны туралы анықтама негізінде және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға анықтама негізінде – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей;";
4) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 10-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.";
5) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
"бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне - 300 000 (үш жүз мың) теңге.";
6) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы мынадай редакциядағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің бір реттік мөлшерін аспайтын тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа кірісі бар болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы | Р. Капарова |