Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласы әкімдгінің "Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 137 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3417 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі | А. Елеусизов |