Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66/527 "Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай–ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 14/90 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 ақпанда № 102-20 болып тіркелді

      Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының "Жаңаарқа ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай–ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 66/527 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21967 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      2) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы мынадай редакциядағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Ю. Беккожин

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 14/90
Шешіміне қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Жаңаарқа ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарынан;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;

      5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.

О внесении изменения и дополнения в решение Жанааркинского районного маслихата от 23 декабря 2020 года № 66/527 "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально–техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Жанааркинского района"

Решение Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 20 февраля 2024 года № 14/90. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 26 февраля 2024 года № 102-20

      Жанааркинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанааркинского районного маслихата "О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально–техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования на территории Жанааркинского района" от 23 декабря 2020 года №66/527 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №21967) следующие изменение и дополнение:

      1) приложение 2 указанного решения изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению;

      2) приложение 1 указанного решения дополнить пунктом 3 в следующей редакции:

      "3. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний.

      Запрещается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия местного исполнительного органа.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Ю. Беккожин

  Приложение к решению
Жанааркинского районного маслихата
от 20 февраля 2024 года
№ 14/90

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Границы прилегающих территорий в Жанааркинском районе, в которых запрещено проведение пикетирования, определяются на расстоянии 800 метров от:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территорий;

      3) территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) территорий, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетей, магистральных трубопроводов, национальной электрической сети, магистральных линий связи и прилегающих к ним территорий.