"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 140838 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары бекітілсін.
2. "Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Жетісу облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісу облысының әкімі | Б. Исабаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 24 Қаулысына қосымша |
2024 жылға арналған басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы | Өлшем бірлігі, тонна/гектар | Субсидиялар нормасы,теңге |
1 | Қант қызылшасы | тонна | 25 000 |
2 | Дәндік жүгері | тонна | 10 000 |
3 | Майлы дақылдар (майбұршақ, күнбағыс, мақсары) | тонна | 6 000 |
4 | Қарақұмық | тонна | 8 000 |
5 | Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс | гектар | 8 148 120 |
6 | Фермерлік жылыжайдағы көкөніс | гектар | 4 858 142 |